Орда бұзар отызда...

Жаңалықтар
04.08.2017, 16:35
Өткен жылы желтоқсанның соңында, жаңа жылға санаулы күндер қалғанда маңғыстаулық аға вагон қараушы Ерлан Ереков қауіпті ақауды анықтап, болуы мүмкін апаттың алдын алды.  Қырағылығы көпке үлгі болғаны  үшін теміржолшыны басшылық марапатқа ұсынды. Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінде  он бес жылдан астам еңбек етіп келе жатқан аға вагон қараушы сол күні  станцияға келіп  аялдаған пойыздың №74875758/271 жүк вагонының бүйірлік рамасынан ұзындығы 120 миллиметрлік сынықты анықтаған. Бұл оның жұмыс тәжірибесінде анықтаған аса қауіпті ақау, бұған дейін де  жеңіл желпі кемшіліктерді тауып, кейбірін жедел қалпына келтіруге атсалысқан. Кейіпкеріміздің осындай жауапты мамандықтан нәпақа тауып, өмірін  темір жолмен байланыстырғанына 16 жылға жуықтапты. Осы уақыт ішінде міндетіне адал, кәсіби борышына берік вагон қараушы болып танылған. Өзі Оңтүстіктегі Жетісайдың тумасы. 1996 жылы мектеп бітірген соң батысқа қоныс аударған жас жігіт  Маңғыстаудағы политехникалық колледжін бітіріп  жергілікті депоға  слесарь болып орналасып, еңбек жолын бастайды.  Арасында әскерге барып келеді.  2006 жылы, компрессор ашылған тұста сығымдағыш қондырғысының машинисі болады. Соңғы 5-6 жылдан бері VII разрядты аға вагон қараушы. Өмірлік серігі Бағдагүл де  теміржолшы. Станцияда жүк қабылдап-жөнелтуші. Шаңырақ көтергендерне  11 жыл. Бүгінде ұл-қыз өсіріп отырған бақытты жанұя.  –Темір жолдан алыс ауылда өскендіктен сала жұмысынан бейхабар болдым.   «Ұстазы мықтының –ұстанымы мықты», демекші, жұмысқа келген соң  Жәнібек Мұқашев,  Берік Имашев, Қайрат Асанов деген вагон қараушылардың қасында жүріп тәжірибе жинадым. Менің бағым да осы, ұстаздарым деп білемін,- деп ағынан жарылды Ерлан Ереков.   Айтуынша, «көре, көре көсем боласың» демекші, кейде интуиция деген кез-келген құралдан артық болады екен. Айсыз түнде қолшамның жарығына сүйеніп келе жатқанда доңғалақтардан шыққан дыбыстан-ақ ақауды анықтайтын сезім интуиция емей не?  Яғни балғамен ұрғанда қай ақаудың қандай дыбыс беретінін санаға сіңірудің өзі тек вагоншыға тән қасиет болса керек, деп санайды еңбегі жанған Ерлан.    

Шахида Жұман

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты