Техникалық саясат тиімділігігі

Жаңалықтар
08.08.2017, 09:39
Соңғы жылдары ұлттық компания негізгі өндірістік активтерін жаңартып, локомотивтер мен жүк және жолаушылар вагондарының жаңа серияларын енгізді, сонымен қатар жаңа темір жол желілері мен инфрақұрылым нысандары салынды. Міне, осының бәрі Компанияның техникалық саясатының концепциялары арқылы инженерлік-техникалық блоктың басымдық беретін міндеттерін анықтап берді. Компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаевтың айтуынша, қоғамның техникалық саясаты концепциясының басты мақсаты – техникалық қайта жарақтандырудың негізгі бағыттарын анықтау. –Соның ішінде жылжымалы құрам бойынша саясат техникалық пайдалану ережелері мен Кедендік одақтың техникалық регламентінің міндетті талаптарын орындау негізінде жүзеге асады. Ал тартқыш жылжымалы құрамға келсек, болашақта локомотив паркі асинхронды жетек арқылы, ал жүк вагондары паркі техникалық жылдамдықты қамтамасыз ететін жетілдірілген түрлерімен жаңартылмақ. Вагондардың жүк көтергіштігі арттырылып, біліктілік күші 25 тоннаға жеткізілмек. Инфрақұрылым бойынша саясат мақсаты – бекітілген қозғалыс жылдамдығы арқылы пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету, – дейді ол. Телемеханика мен байланыс автоматикасы кешені бойынша қазіргі орталықтандырылған жүйе көп функционалды кешенге ауыстырылмақ,  радиобайланыс пен мәліметтер жөнелтудің сандық стандарттары негізінде пойыздар қозғалысын басқарудың икемді жүйесі енгізілетін болады. Ал электрмен жабдықтау және байланыс жөнінен тартқыш қосалқы станциялардың қазіргі заманғы тоқтаусыз коммутациялық аппараттармен ауыстырып, автоматика мен байланыс желісін жаңғырту, энергия сыйымдылығы төмен жүйені қолдана отырып жаңарту көзделуде. Вокзал кешені үшін жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудің жаңа стандарттары енгізіліп, вокзал инфрақұрылымы қызметтерді тұтынушылардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып дамытылмақ. Өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай стратегиясын анықтап, шығындар арасындағы оңтайлы ара салмақты  табу, автивтерге нормативтік талаптарды сақтау – осы бағыттағы саясат мақсаты. Ал инновация мен білімді басқару саясатын жүзеге асыру үшін сандық кітапхана құру, кітап қорын жаңарту, корпоративті талдау, техникалық-экономикалық басылымдарды дамыту, рационализаторлық және өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс жүргізу жұмыстары жасалмақ.  Жалпы алғанда компанияның техникалық саясатын жүзеге асыру мақсатында желілік және аймақтық деңгейдегі техникалық кеңестер жұмыс жасауда. Концепция міндеттерін орындау ел теміржолының дамуына оң әсер етіп, көліктік-логистикалық қызмет көрсетуде бірыңғай технологиялық үдерістер тиімділігін айтарлықтай арттыратын болады.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты