Байланыс жүйесін дамытуда

Жаңалықтар
08.08.2017, 10:19
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында өнертапқыштық мамандар еңбегінің арқасында өндіріске талай тиімді жаңалық енгізілуде. Мысалы аға электр-механик Бекжан Билібаев соңғы екі жылда 7 рационализаторлық жаңалықты өндіріске енгізген. Оның соңғысы, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жаңалық – қаладан шеткері жатқан тұйықталған Леңгір бекетіндегі құрылғыларға қатысты. Бұрынғы жүйеде қалып кеткен мұндағы ескі байланыс аппараттары соңғы жылдардағы техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сай емес. Бағдаршамдарында кемшілік бар, тұрақты бақылауда болмағандықтан, лампочкалары істен шығуы немесе күйіп кетуі жиі орын алатын болған.  Енді маман өз еңбегінде аталған бекеттегі бағдаршам көздерінің толық жанып тұруына бақылау жасауды енгізбек. Сол арқылы бағдаршам сызбасына индекация, яғни бақылау енгізу арқылы қозғалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтауға болады.   – Осы жүйеде Леңгірден бөлек Сайрам, Тоғыс бекеттері де жұмыс істейді.  Яғни, бекеттер орталықтан электрлендірілмеген. Сонымен қатар, электр тоғының үздіксіз келіп тұруын қамтамасыз ететін бақылау да жүзеге аспапты. Оның қиындығы сол, байланыс кабельдері үзілсе станция кезекшісі уақытылы механикке хабар бере алмайды. Осындай себептен индекация жасап, кезекшінің алдындағы таблоның уақытылы ашылуын реттеуді қолға алдым. Бұл  ұсынысым қабылданды. Екіншісі, осы Леңгір теміржолындағы бағдаршамнан кейінгі аралыққа  рельс тізбектері енгізілмеген. Ол тізбектер болмаса бағдаршамнан кейін 1-2 км жолда пойыздың бар-жоғы диспетчерге көрінбейді. Бекеттегі кіреберіс бағдаршамнан кейінгі 100 метрге дейін аралықтағы рельске электр тізбегін жалғаймыз. Сонда бағдаршам түсі автоматты түрде ауысады. Кіреберіс бағдаршамның алды міндетті түрде орталықтандырылған электр жүйесіне қосылу керек. Әрине, Леңгір ең шеттегі тұйық бекет болғандықтан, жүк пойыздары өте сирек қатынайды. Мұндағы барлық станция жолдарын рельс тізбектерімен қамту мүмкін емес. Әрі жолға пойыз түскенін станция кезекшісі көреді. Бұл әу бастағы сызбада қарастырылмағандықтан, біз толықтырудамыз, – дейді Бекжан Жамалбекұлы. Сондай-ақ, өткен жылы олар бұрмаларға қатысты да жаңалық енгізген екен.  Үлкен бекеттердегі электр бұрмалары қыста қар қалың жауса кептеліп қалады. Сондайда автоматтандырылған бұрма қатты күшпен соңына дейін айнала алмай, моторлар күйіп кету қаупі бар. Суықта сымдары тартылса электр жетектері де істен шығуы кәдік. Арасында автоматты түрде өшірілуге қосылмай қалған бұрмалар бар. Оны міндетті түрде кезекшінің өзі байқап,  қолмен басып өшіруі тиіс. Осыны Бекжан Жамалбекұлы бастаған өнертапқыштар автоматты түрде өшірілетіндей етіп орталықтандырған. Одан кейін релелерге қосымша жүк түскенде күйіп кетуден сақтайтын құрылғылардың да сызбаларын қарап, релелердің бұзылмайтын жолын тапқан.  – Кемшіліктер барлық жүйеден табылады. Жігіттердің бәрі тәжірибелі,  білімді, байланыс құрылғыларының жұмысын жеңілдетудің сан түрін ойлап табуға болады.  Тек жазған-сызғандарын зертханадағылар тәптіштей тексеріп, жиі қоңырау шалып, кем-кетігін сұрай беретіндіктен, жігіттер құжатты реттеуге құлқы жоқ. Қазір электронды пошта арқылы жылдам жіберіп, қысқа уақытта қаралады. Сондықтан, сыйақысы жоғары, жолы жеңілдеді деп жігіттерді өнертапқыштыққа барынша ынталандырып жатырмыз, – дейді аға электр-механик.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

 
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады