Еңбекпен өрілген өмір: Бахтарбек Жүнісовтың еңбек жолы

ҚТЖ келбеті
21.10.2025, 09:12

Ең жоғарғы салалық марапат болып табылатын «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие абырой арқалаған азаматтар бізде аз емес. Ал оған қоса мәртебелі мемлекеттік марапат – «Құрмет» ор- денімен марапатталған теміржолшы некен-саяқ. Сексен жастың сеңгіріне шығып отырған кейіпкеріміз жуырда Үкімет басшысының қолынан осынау жоғары марапатты алды.

Жүнісов Бахтарбек Құрманқажыұлы 1945 жылы 19 қазанда Семей қаласында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Әкесі жол дистанциясында, теміржол өткелінде жұмыс істеген. Ақпанның боранды бір кешінде әкесі жұмысқа бара жатқанда көлік қағып кетіп қайтыс болғанда кейіпкеріміз небәрі жеті жасар сәби екен...  

Бала кезден оқуға зерек болған Бахтарбек Семейде қазақша мектепті үздік бітіреді. 1962 жылы Новосібір теміржол инженері институтына құжат тапсырып, жол құрылысы факультетінің студенті болады. Мектепте жақсы оқып, көрші орыс балалармен араласып қалада өскен жас жігіт үшін таза орыс тілінде жүрген сабақ еш қиындық туғызбады. Әрине, жоғары курстарда сабақтар ауырлады. Көпір құрылыстарын есептеу, инженерлік механика, көпір мен туннельдер жобасын сызу сынды мамандыққа сай пәндер қосылды.  

«Ол кезде сұраныс та, талап та күшті және оқытушылар да қатал болды. Білсең емтиханды тапсырасың, білмесең оқуды тастайсың. Оқу инемен кұдық қазғандай болды. Сол заманның талабы және сол кездегі жоғары оқудың тәртібі де солай болды» деп еске алады кейіпкеріміз.  

Бахтарбек Құрманқажыұлы институтты 1967 жылы үздiк бiтiрiп, алғашқы еңбек жолын Қазақ темiр жолының Семей жол бөлімшесінде, Жаңа Семей жол дистанциясында сол кездегі үрдіс бойынша ең төменгі лауазымнан бастап бригадир, жол шебері, бас инженер болып сатылай өседі.  

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Семей өңірінде күніне 40-50 жұп жүк және жолаушы пойыздары жүретін. Семей өңірінің ауа райы жазы ыстық, қысы аса қатал, қарлы, аязды, боранды болатыны белгілі. Жазда 40 градус ыстық болса, қыста 40 градус аяз. Желдің күші 20 м/сек асатын кез жиі болады. Жол дистанциясының жұмысшылары қыста күні-түні жол тазалайды. Жолшылармен бірге аяққа пима, мақта шалбар, тон киген Бахтарбек Құрманқажыұлы талай жылды артқа тастайды. Теориялық білімді практикамен ұштастырып, мол тәжірибе жинайды, алдыңғы буын ағалардан көп нәрсе үйренеді.  

1975 жылы Көкшетау жол дистанциясына қызметке шақырылып, алдымен орынбасары, кейін дистанция бастығы болып 1983 жылға дейін қызмет атқарды. Сосын Көкшетау теміржол бөлімшесінде жол бөлімінің бастығы болып 1997 жылға дейін жұмыс істеді.  

ҚТЖ құрылып, Астанаға қоныс аударған соң орталық аппаратқа қызметке шақырылып, Жол департаменті бастығының орынбасары болып ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Б.Жүнісов Ақсу – Дегелең, Хромтау – Алтынсарин, Шар – Өскемен темір жолдарының құрылысына атсалысып, Астана – Алматы арасында Тальго жүрдек пойызын жоғары жылдамдықпен жүргізу тәжірибесіне қатысты.  

Сонымен қатар Бахтарбек Құрманқажыұлы жол шаруашылығының тәжірибелі маманы ретінде осы салада өнертапқыштар қозғалысы жандануына барынша қолдау көрсетіп, өзі де жүзден аса рационализаторлық ұсыныс жасап, компанияға миллиондаған теңге пайда әкелген жан. Еңбек жолында талай білікті мамандарды өсіріп, лайықты шәкірт тәрбиелеген ұстаз да бола білді.  

Абырой биігінен аласармай сексенді бағындырған абзал азаматты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен Орталық аппараттың ардагерлер кеңесі мерейтойымен құттықтап, оған ұзақ өмір, мықты денсаулық тілейді.  

Берік АЙТБЕКОВ, Астана

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты