ҚТЖ темір жол өткелдерінде жүру ережелерін бұзғандарға жауапкершілікті қатаңдатады

Жаңалықтар
03.03.2025, 12:13
Оқуға 1 мин

ҚТЖ мемлекеттік органдарға теміржол өткелдерінен жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын қатаңдату туралы өтініш білдіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл бастама теміржол қауіпсіздігін арттыруға және жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Бұған дейін ҚТЖ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге бастамашы болған еді.  

Олар қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларына, жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ белгіленбеген жерлерден темір жолдары арқылы өтуге,  жол бойындағы жолақтарда мал жаюға кінәлі адамдарға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған.  

ҚТЖ жауапкершілікті қатаңдату оқиғалардың санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жауапкершілігін арттыруға көмектесетініне сенімді.  

2025 жылғы қаңтар-ақпанда теміржол өткелдерінде автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды, бұл жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. 1 наурызда Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушінің кінәсінен жүк пойызымен соқтығысты. Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті, ал локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті.

2024 жылы теміржол өткелдерінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді.  

ҚТЖ жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі