Алтыннан қымбат ауыз су

Жаңалықтар
15.08.2017, 11:48
Жуырда ғана «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарлама аясында Алматы жол бөлімшесінің Саз станциясының тұрғындарына ауыз су келгені туралы жазған болатынбыз. Станциядағы  өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған су жабдықтау объектілерінің тозығы жетіп,  соңғы он жыл бойы пайдаланылмаған. Яғни, содан бері Саз тұрғындары ауызсусыз, тасымалдап ішіп күнелткен. 14 жылдан бері теміржол цистернасынан тіршілік нәрін  тасып ішкен тұрғындар ауыз су тұрмақ, техникалық суға да суға зәру болып келген. Міне, енді «Мөлдір бұлақ» бағдарлама аясында «Теміржолсу» АҚ Саз станциясында сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа 50 метрлік ұңғыма, су айдауыш мұнара мен суды тазартатын әрі фильтрлейтін жабдық орнатылды.  Автоматтандырылған сумен жабдықтау жүйесі арқылы жергілікті жұрт барлық стандартқа сай келетін таза ауызсуға қарық болып, қуаныштарымен бөлісуде.  «Судың да сұрауы бар екенін» өз тәжірибелерінен сезінген саздықтар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қ.Алпысбаевқа жүрекжарды алғыстарын жолдайды.  «Жақында ауылымызға су тартылды.  «Су – ырыстың көзі» демекші, ауыз су әр үйге кіргізіліп, қуанышымыз тасып жатыр.  Саз станциясы тұрғындары атынан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын жүзеге асырып отырған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына, компания жетекшісі Қ. Алпысбаевқа шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Құрметті Қанат Қалиұлы! Сіздерге үлкен денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!» деп жазады Саз станциясынан редакцияға хат жолдаған Б.Мұсаев, Х.Сәдуақасов, Қ.Келменбетов, М.Етембаев, Ж.Карбозов, А.Тайгелдиев, М.Тансықбаев, Г.Тансықбаева, М.Иманбердиев сынды теміржолшы тұрғындар. 

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты