Аға буын алғыс айтты
Жаңалықтар
18.08.2017, 10:27
Семейлік теміржолшылар арасында қалыптасқан игі дәстүр бар. Соның бірі, жыл сайын аға буын ардагерлер қауымымен, Құрметті теміржолшылармен тағылымды кездесу өткізіп, пікір алмасу.
Биыл да аталмыш шара жарасымды түрде жалғасын тапты. Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ардагерлермен кездесу өтті.Биылғы жүздесу жылдағыдан өзгешелеу өрбіді. Ардагерлер ең алдымен тың жәдігерлер, тұщымды деректермен толықтырылған Түрксіб-Семей мұражайына жиналып, өздері еңбек еткен өткен дәуір кезеңдерін еске алды.
Осыдан соң арнайы жайылған дәм басында өзара әңгіме құрып, уақытты тартымды өткізді. Заманында Құрметті теміржолшы атағын иеленген алдыңғы толқын өкілдерімен кездесуге бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесі директоры Айдын Шәукежановтар арнайы келіп, ардагерлерге ізгі лебіз білдіріп, олар мұраға қалдырған Семей теміржолын өркендетуге қосып жатқан үлестерін жеткізді. Марлен Кәрімұлы жүк айналымының еселеп өсіп, қозғалыс қауіпсіздігі шараларының жетістікті екенін, ағымдағы жылдың жартыжылдығы толайым табыспен өткенін айтып өтті.
Ақсақалдар атынан Құрметті теміржолшы, сала ардагері Қырықбай Әлсейітов қазіргі қазақ теміржолы сенімді қолда екендігіне риза екендерін жеткізді, ал замандастарына денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Қуаныш Қожаев, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты