Экономикалық тиімділік еселенген

Жаңалықтар
18.08.2017, 10:47
Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ағымдағы жылы алға қойылған  басты межелердің бірі – өндірістегі шығынды азайту арқылы экономикалық тиімділікті еселеу болып табылады.  Бұл ретте, әсіресе қызмет барысын мейлінше ширатуды талап ететін локомотив шаруашылығындағы жетістіктерді бірінші кезекте атап өтуге болады. Семей теміржолының жалпы ұзындығы 724 шақырымды құрайтынын ескерсек,  ондағы жүйткитін локомотивтер шығыны да қомақты болатыны белгілі. Осы ретте аталмыш бағытқа басты назар аударылып, жыл басында бірқатар ілкімді шаралар қабылданған болатын. Нәтижесінде, ағымдағы жартыжылдықта жылжымалы құрамдарды тиімді қолдану арқылы локомотивтерді пайдалану бойынша барлық көрсеткіштер толықтай орындалды. Атап айтқанда, локомотивтердің тәуліктік орташа өнімділігі 101,8 пайыз болса, жол жүруі 100,2 пайызға жетті. Жалпы, локомотив өнімділігін арттыруға бірінші кезекте негізгі және айналым деполарындағы бос тұрыстарды 0,12 сағатқа азайту себеп болыпты. Соның есебінен локомотивтер паркі тиісінше 0,1 бірлікке кеміген. Бір бұл емес, Локоть станциясынан Ақтоғай станциясына дейінгі аралықтағы жүк пойыздары салмағын 4500 тоннаға жеткізу есебінен локомотив паркі 0,44 бірлікке кемітілді. Бұдан келер тиімділік аса жоғары болып тұр. Нәтижесінде әр бағыт бойынша ауыр салмақты пойыздарды жөнелту саны 4946-ға дейін өсіп, бұл көрсеткіш күллі бөлімше бойынша жалпы жөнелтудің 79,3 пайызын құрады. Аталмыш шаруашылық сан қырлы. Соның ішінде локомотивтер мен локомотив бригадаларын ұтымды пайдалану – локомотивтерді орындалған жұмыс көлеміне қарай 0,44 бірлікке немесе 1944 сағатқа қысқартуға мүмкіндік беріп, шартты экономикалық тиімділікті миллиондап арттырды. Десекте, алдағы уақыттарда назар аударатын мәселелер де бар. Мәселен, телімдік жылдамдық пен техникалық жылдамдықты әлі де арттыра түсу, пойыздардың жол жүру жылдамдығына шектеу қоймау шаралары межеленіп отыр. -Жартыжылдық көрсеткіш үшін бұл жетістіктер қанағаттанарлық деуге болады. Меже толықтай орындалды. Әйтседе, жылдың соңына дейін локомотив шаруашылығы бойынша жоспарланған бірқатар тапсырмаларды орындауымыз қажет, - дейді бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты