М.Тынышпаев атындағы "ALT University" АҚ-да "Жолдың кәсібиі" бағдарламасы бойынша жол дистанциясының бастықтары үшін корпоративтік оқыту басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қатысушылар алдында "ҚТЖ" ҰК" АҚ — "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Жол және құрылыс департаментінің директоры Арман Бубиканов құттықтау сөз сөйледі. Ол үздіксіз кәсіби даму мен басқарушылық құзыреттілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.

"Магистральдық желілер және инфрақұрылым" білім беру бағытындағы студенттерді белсенді тарту бағдарламаның айрықша ерекшелігі болды.

Бағдарлама жеке-іскерлік құзыреттілікті дамытуға, дирекция желілік бөлімшелерінің басшыларында көшбасшылық қасиеттер мен стратегиялық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.