Жаңашыл ұсыныс – жастардан
Жаңалықтар
22.08.2017, 10:20
Темір жол – шуақты Шу өңірінің тамыр бүлкілі десек қателеспейміз. Нағыз тоғыз жолдың торабында жатқан Шу станциясы арқылы оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа ерсілі-қарсылы ағылған пойыздар легі күндіз-түні толастаған емес.
Күн сайын миллиондаған тонна жүк пен мыңдаған жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шулық теміржолшылар арасында шойынжол кәсібін атадан балаға мирас еткен дәстүр қалыптасқалы да бір ғасырға жуық уақыт өтіпті. Қазіргі таңда Шу ауданында 640 жас темір жол саласында қызмет етеді. Солардың дені ата дәстүрін жалғастырған теміржолшылар әулетінің өкілдері. Олар теміржолдың ерлікке толы тарихын жасаған аталар даңқына адал.
Мәселен, Шу электрмен жабдықтау дистанциясында бір топ жас шоғыр еңбек етеді. Дистанцияның «жүрегі» өндірістік-техникалық бөлімін құрайтын бұл жоғары білімді, еңбек жолын қатардағы монтер болып бастап, тәжірибе жинақтап, сатылай өсіп келе жатқан жастар өндірісті алға бастыруда жаңашыл көзқарастарымен, тиімді ұсыныстарымен көзге түсіп жүр.
–Темір жол желісін үздіксіз электр жүйесімен қамтамасыз етуде бір минут та үзіліс болмайды. Оған қоса, темір жол бойында бізден электр қуатын алатын тұтынушыларымыз бар. Дистанцияға қарасты 7 түйіспелі торап учаскесі мен 5 қосалқы тартым станциясы бар. №3 Шу қосалқы тартым станциясы жақында ғана қайта жаңғыртудан өтті. Темір жол желісіне қажетті электр қуатын бөлетін станция толығымен немістің «Siemens» компаниясының құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи технологияны игеруде біз жастар көшбасшы болуға тиіспіз, сондықтан да біз оқу мен ізденуден ешқашан жалықпайтын боламыз, – дейді жаңашыл жастардың бірі, бөлім инженері Бауыржан Мұсақұл.
Елдар Ыбырайқұл 2015 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдап, еңбек жолын осы дистанциядан бастаған жас маман.
–Теміржолдың бойындағы қызу тіршіліктің бойына қан жүгіртіп отыратын электрмен жабдықтау саласының қауіп-қатері басым. Статистиканы қараңыз, жыл сайын тоқ көзінің қаупін елемей, абайсызда ажал құшып жатқандар қаншама... Сондықтан, техника қауіпсіздігін сақтау – біздің ең бірінші талабымыз және ұстанымымыз,– дейді жас маман Елдар.
Ерман Әбдиев, Шу
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты