Жүк айналымы жаңаша сипатта

Жаңалықтар
22.08.2017, 11:07
Семейлік теміржолшылар үшін өткен жартыжылдық жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерге толы болды деп айтуға болады. Оның бір себебі, бөлімшеде ағымдағы жылы жүк айналымын ұйымдастыру жұмыстары жаңаша сипат алды. Осыған дейін тиімді нәтиже берген Жаңасемей станциясында құрастырылатын Шаттл пойызы, хоппер-вагондармен цемент жеткізу, Семей – Суықбұлақ станциялары арасында қатынайтын жартылай ашық вагондардан құрастырылған «вертушкалар»,  4500 тонналық ауыр салмақты пойыздар осынау бағыттағы шаралардың дұрыс жүргізіліп жатқанын толығымен айғақтап отыр. Бөлімше бойынша  барлық көрсеткіштер жоғары. Мәселен, жүк айналымы өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 13,7 пайызға немесе 453,5 млн. тонна-км неттоға ұлғайыпты. Нәтижесінде бөлімшенің кіріс көлемі де былтырғы көрсеткішке қарағанда  миллиард теңгеге дейін өскен. Бұл жетістіктерге алға қойылған тапсырмалардың жүз пайыздан артық орындалуы мен тасымал барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану және жүк жөнелтуге тапсырыс берушілер санының өсуі әсер етіп отыр. Атап айтсақ, Қаражыра көмір кенішінен тиелетін жүк те бұрынғы жылдарға қарағанда еселеп өсіп, биылғы жарты жылдықта тұңғыш рет 185,0 мың тоннаға жетіпті. Маусымдық сипаттағы қатты отын тасымалы әлі күшіне ене қоймағанын ескерсек, жылыту маусымына дейін бұл көрсеткіш еселеп өсе түсетіні белгілі. Мұның сыртында цемент – 27 мың тоннаға, өндірістік шикізат – 75 мың тоннаға, құрылыс тауарлары – 31,4 мың тоннаға артып отыр. Сондай-ақ, осыған дейін тәжірибеден өткен Шаттл пойызы биылғы жылы да қайта құрастырылды. Бұл тарапта жаңадан тапсырыс берушілер бар. Мәселен, «Семей цемент зауыты» ЖШС Алматы, Астана бағыттарына «ЦТУ» АҚ хоппер-вагондарымен цемент тасымалдаса, тұрақты клиент «Аlmix» ЖШС тапсырысты еселеп ұлғайтты. Жалпы, аталмыш пойыз бұрындары Алматы қаласына дейін 2,3 тәулік жол жүрсе, ендігі аралықта едәуір қысқарып, бір тәулікте жүк жеткізеді. Жалпы, жүк айналымының өсуіне ауыр салмақты пойыздардың қосқан үлесі зор болып тұр. Бұл ретте, өткен 6 ай ішінде пойыздар салмағын ұлғайту есебінен ауыр салмақты құрамдардың жөнелтілген саны 4946-ға өсіпті. Бұл жөнелтілген пойыздардың жалпы санының 79,3 пайызын құрайды екен. Жүк айналымының өсуіне тағы бір оң ықпал, ағымдағы жылы жүзеге асқан келісімді коммерциялық жұмыстың автоматтандырылған басқару жүйесі болып отыр. Қазіргі таңда бұл жүйеге станциялардың 224 жұмыс орындары қосылған. Нәтижесінде электрондық тасымал құжаттарының әзірленуі жүз пайыз орындалды. Осынау жетістіктердің барлығы бөлімше бойынша жүк айналымы көкжиегін әлі де кеңейте түсу мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді. Қазіргі күні көмір тиеуді 1000,0 мың тоннаға жеткізу арқылы жүк тиеуді 9000,0 мың тоннаға арттыруды межелеп отыр. Сонымен қатар, Дегелең-Семей телімі бойынша 6 300 тоннаға дейінгі аса ауыр салмақты пойыздар құрастыру жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты