«Тасымалдың азаюы уақытша құбылыс» дейді шағырлықтар
Жаңалықтар
14.07.2016, 10:06
Екінші класты жүк станциясына жататын Шағырда соңғы оншақты жыл көлемінде тасымал толастамаған еді. Қызылорданың Құмкөлінен «Қазтрансойл» компаниясының құбырымен келетін қара алтын Шымкенттегі Айкөл мұнай құю бекетімен жалғасып, Шағыр станциясына жететін.
«Тургай-Петролеум» компаниясының Шағыр станциясында шағын мұнай құю қоймасы болғандықтан, мұнай өнімдері осында вагондарға құйылып, экспортқа шығарылатын. Қоймадағы техникалардың қуаты бір құйғанда қырық вагонды мұнайға толтырып, өнімді Өзбекстанға жөнелтіп тұратын. Соңғы бір жарым жылдан бері мұнай тасымалы саябырсыған. Сондықтан, әзірге тек пойыздарды қабылдап-өткізіп тұрады. Станция бастығының орынбасары Нұрлан Нұржановтың айтуынша, соңғы кезде Өзбекстан тарапы қаржыны уақытылы төлемеуінің салдарынан, мұнай жиі артылмайды. Дегенмен, сәуір айында 517 вагонға 30 мың тоннадай мұнай құйып жіберу жоспарлануда.
Шағын бекетте әр дүйсенбіде өтетін дәстүрлі «Станция бастығының күні» таңертеңгі сағат тоғызда жол, электр, байланыс, вагон шаруашылығы сынды құрылымдық бөлімдердің мамандары жиналып, қауіпсіздік жағынан олар станция бастығына бағынғандықтан, өз жұмыстарындағы шешімін таппай тұрған мәселені ортаға салады. Яғни, әр құрылымдық саланың аға мамандары өздеріне қажетті материалдардың керектігін айтады. Қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті материалдардың тізімі жасалып, хаттама толтырып, оның шешімі шыққан соң хаттаманы Арыстағы жол, байланыс дистанияларының басшыларына жібереді. Сонымен қатар, кемшіліктер де сөз болады.
Бұл жолы станция бастығы кейбір кемшіліктерді түзеуге мамандардың қол күші керектігін айтып, өзі көрген, тексерген ақау тұстарды айтып, оны тез арада қалпына келтіру жолдарын талқылады. Мәселен, Бақытжан Қарынтаев жол бойының кейбір тұсында шпаласты тастардың азайып қалғанын сөз етті. Оған қажетті тасты тапсырыспен алдыру, оған дейін басқа көбірек жерінен азайған тұстарға тастауды тапсырды. Шпалдар айналасында қиыршық тастардың өз мөлшерінде болуы қажет, бұл пойыздардың жүрісін жұмсартып, селкілдеп, шайқатылудан сақтайды екен.
– Қазір көктемді байқауға дайындық жүріп жатыр. Сәуірдің орталарына бөлімше басшылары тексеруге шығады. Оған дейін бекет шаруашылығын түгел жазға тасымалға дайын қылып, ауланы тазалап, жолдар арасының шөбін жұлып, ғимараттарды ақтап-сырлап бітіруіміз керек. Еңбек қорғау бойынша жұмысшыларға жағдай жасауды тағы бір пысықтап, қауіпсіздік белгілерін қайта сырлап, жаңартамыз, – дейді станция бастығы.
Бүгінде мұндағы жұмыс азайған соң, отыз беске жуық теміржолшының алтауы өзге станцияларға уақытша ауыстырылған. Тауар кассирлері Қазығұрт пен Текесуға барса, пойыз құрастырушылар мен жүк қабылдап-жөнелтушілерді Арыс станциясына орналастырыпты. Қазіргі таңда 5 станция кезекшісі мен үш пойыз құрастырушы, бір оператор, бір тауар кассирі және бір жүк қабылдап-тапсырушы еңбек етеді.
15 жылдан бері бекеттің пойыз құрастырушысы Қали Бұхарбекұлы өзі келген жылдары жұмыс қарбалас болғандықтан, тіпті, түскі ас ішуге уақыт таппайтын кездерін еске алды.
– Бекеттегі жеті жолдың біреуі ғана бос болатын. Қалған жолдарда қоймаға кіріп-шыққан вагондар тұратын. Сондықтан, ол кездері оншақты пойыз құрастырушы еңбек ететінбіз. Қазір ауысымға бір пойыз құрастырушы түседі. Көрші Монтайтастағы диірменнен ұн артылып жатқанда вагондарды кіргізіп, шығаруға жәрдем беремін. Оның арасында 41 разъездегілер көмекке шақырады. Қолымыз босай қалса, мектепке қатынайтын оқушылар мен халықтың пойыз жолдан аман өтуін қадағалап тұрамыз. Егер тоқтап тұрған құрамдардың дөңгелегінен ақау шықса, вагон қараушыға көмектесіп, босаған болтын бұрасып береміз дегендей, қысқасы, пойызды тоқтатпауға тырысып жұмыла еңбек ететміз. Толаскез уақытында ұзақтан пойыз келе жатқанын жұмысшыларға айтып немесе дауыстап белгі беретін «сигналист» міндетін де атқарамыз, – дейді Қали Досымбай.
Шағырда жолаушылар пойызынан аптаның бес күнінде тек Шымкент – Сарыағаш қала маңына қатынайтын жергілікті пойыз ғана тоқтайды. Мыңға тарта халқы бар шағын елдімекен үшін осының өзі жеткілікті. Арыс станциясы 35 шақырым ғана қашықта жатыр.
Динар МЕЙІРМАН, Шағыр
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды