ҚазККА мың стаудентпен толықты 

Жаңалықтар
05.09.2017, 12:48
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясындағы биылғы Білім күні «ҚТЖ» ҰК»АҚ вице-президенттері Эрик Имашев пен Нұржан Жапарқұлдың, сондай-ақ, консультациялық кеңес мүшелері Н.Исинғарин, Қ.Сәмбетов, М.Хамзин және М.Тынышпаевтың ұлы Дәулет Шейх-Әлидің қатысуымен ерекшеленді. Биыл мыңға жуық жас еліміздегі он үздік іргелі жоғары оқу орындары қатарынан ойып тұрып орын алатын ҚазККА-сына сенім білдіріп, бірінші курс студенті атанды. Олардың қатарында «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлері, оқу озаттары, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары бар. Еліміздің барлық облысынан Көлік академиясына грант бойынша 305 студент түскен.  Мерекелік жиында студенттер алдында ҚазККА президент-ректоры Бақытжан Қуанышев сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін және Академия ұжымын Білім, Конституция күндерімен және «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, аталған оқу орнында студенттердің көлік саласына қатысты терең білім алып, толыққанды маман болып шығуларына барлық жағдайдың жасалғанын жеткізді.  Білім күнінде жоғары курс студенттері академия табалдырығын алғаш аттаушыларға «Білім кілтін» тапсырып, аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырды. Салтанатты жиында «ҚТЖ»ҰК»АҚ басшылығы атынан бірінші курс студентеріне  жүрекжарды лебізін білдіріп, оқуда сәттілік тілеген Эрик Имашев, оқу орнының Көлік құрылысы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к А.Ибраимовқа «Құрметті теміржолшы» белгісін, сонымен қатар бірқатар қызметкерлерге «Адал еңбегі үшін»,  «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Үздік маман»  төсбелгілерін табыстап, алғыс хаттармен марапаттады. Ал Академияның президент-ректоры «Мұхамеджан Тынышпаев» медалін Нығметжан және Мәрия Исинғариндерге, Даулет Шейх-Алиге тапсырды. Білім күніне арналған мерекелік жиынға Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Шейх-Әли де құр келмепті. Ол өз құттықтау сөзінен кейін «Алтын белгі» иегерлері мен ҰБТ-да  жоғары балл алған 15 студентке өзі авторы болып табылатын,  Мұхамеджан Тынышпаев туралы «Естеліктер, құжаттар, суреттер»  кітабын тарту етті. Шара соңы Қазақстанның саяси дара тұлғаларының бірі, алғашқы темір жол инженері Мұхамеджан Тынышпаев туралы деректі фильмді көрумен жалғасып, «Қазақстан тарихы және әлеуемттік-гуманннитарлық тәртіп» кафедрасының оқытушысы М.Қанағатов тарапынан Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған шолу лекциясы оқылды. Президент-ректор Бақытжан Қуанышев шара соңында студенттерге білім ордасында берілетін білім-іліммен молынан сусындап, өздері таңдаған мамандықтың білгірі болып шығуларына тілектестігін білдіріп, сәттілік тіледі.

Ислам ТАЛҒАТ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты