Жұлдызды қалашық іргесінде
Жаңалықтар
05.09.2017, 18:13
Төретам - Қызылорда облысының ғарышты қаласы Байқоңырдың іргесіндегі станция. Жұлдызды қалашықтың іргесіндегі станция дәрежесі аралық бекет саналғанмен мұнда да жүк тиеп-түсіру және коммерциялық жұмыстар жасалуда.
Мәселен жыл басынан бергі жеті ай ішінде Төретам бекетінен 99 вагонға 1399 тонна жүк тиеп, жұмыс жоспарын 100 пайыз орындап отыр. Тиелген жүктердің қатарында 33 вагонға 349 тонна метиз, 12 вагонға 571 тонналық химиялық сода, 99 тонналық 3 контейнер және 49 вагонға өзге де 309 тонналық құрама жүктер тиелген. Бөлімшеден өткен жолаушылар пойызының дені станцияға аялдайды. Станция іргесіндегі Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылын қоса санағанда 100 мыңнан асатын тұрғынның түгел пойызға аяқ артатын орны осы -Төретам станциясы.
Станция 1904 жылы салынған, Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің балансындағы көне ғимаратта орналасқан. Станция басшысы Нұржан Бегежановтың мәліметінше, бүгінде станцияда 42 адам еңбек етуде. Қозғалыс қауіпсіздігі толық қамтамсыз етілген. Пойыздардың станцияға кестемен келіп, уақыты жөнелтілуін мекеменің тәжірибелі диспетчерлері реттеп отыр. Теміржолшылардың еңбекақылары тұрақты, экологиялық, аудандық қосымшалар толық төленеді.
-Төретам станциясы бойынша үстіміздегі жылдың өткен жеті айында 99 вагонға 1399 тонна жүк тиеп межені 100 пайызға орындадық. Өткен жылдардың осы мерзімінде жүк тиеу көрсеткіші 69 пайыз шамасында болған болса, биыл ілгерілеу байқалады. Жүк вагондарының статикалық жүктемесі 14,1 сағатқа орындалуда. Бір операциялық құжат рәсімдеу кезіндегі вагонның бос тұруы 49,51 ваг/сағат, вагонды жинау 1,0 ваг/сағ, станцияның жұмыс паркі жеті айда 50 вагон болып белгіленсе, ол көрсеткіш 124 вагонға айналып отыр. Кәсіпкердің қазір жеке тасымал құралдарын пайдалануға ойысуына байланысты, өкінішке орай бүгінде пойызға жүгінетіндердің саны кеміп келеді. Сондықтан, бюіз үшін әр клинет қымбат, олармен жекелей жұмыс жасап теміржол қызметін пайдалануға шақыру жұмыстарын жүргізіп келеміз,-дейді станция бастығы Нұржан Бегежанов.
Екінші санаттағы станцияның жұмысына іргелес Байқожа станциясының да өндірістік жұмыстары қосымша жүктелген, алайда қазіргі таңда байқожалықтардың жүк тиіп-түсіру жұмыстары түсіріліп-тиелетін жүктердің болмауына орай атқарылып жатқан жоқ. Ондағы жұмыстар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылысы кезінде ғана жанданған болатын, қазір құрылыстың аяқталуына орай жұмыстар шектелген.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Төретам станциясы
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты