Үздік рационализатор

Жаңалықтар
05.09.2017, 18:30
Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің жас қызметкері, өндірістік бөлімнің инженері Айзат Қожан «Үздік рационализатор» атағына ие болды. Жас маман жүзеге асырған екі жобадан экономикалық тиімділік жарты миллион теңгеден асады. Жастар арасында белсенділігімен ерекше көзге түсіп жүрген ол биыл үш бірдей рационализаторлық жобаны қолға алыпты. «Өтіп бара жатқан пойыздар қозғалысын бақылайтын датчик» атты алғашқы жобасы комиссия құрамының көңілінен шыққан. Елді мекенге кіріп келе жатқан пойыз құрамының екі қапталынан екі метр биіктікте орналасқан датчик доңғалақтардың жағдайын бақылап отырады. Пойыз өтіп кеткен соң, прожектор сөніп, мәліметтер өңделе бастайды. Электр энергиясы үнемделеді, теміржол паркіндегі жарықтандыру нормалары бұзылмайды, әрі қауіпсіздік шаралары ескеріледі. Екінші жобасы ақпараттық мәлімет те өндіріске қажетті дүние. 25 жастағы Айзат Қожан теміржолшылар әулетінде дүниеге келген. Атасы мен әжесі жолшылар. Ал әкесі бүгінде Қалмаққырған станциясының бастығы. Анасы да болат жолда еңбек еткен. Отбасындағы төрт ұлдың төртеуі де бүгінде теміржолда еңбек етеді. «Біздің ауылда мектеп болмады. Сондықтан, аудан орталығы Шұбарқұдықта мектеп-интернатта он жыл жатып оқыдым. Бүгінде жасым 25-ке толды. Әлі күнге ата-анамнан жырақта  жүрмін десем де болады», – деп күлген Айзат Ақтөбе магистральдық  желі бөлімшесіне ауысқанына ай да болмапты. Оған дейін Қандыағаш жол дистанциясында еңбек еткен. Темір жолдағы жеті жылға жуықтаған еңбек жолын Шұбарқұдық жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастаған екен. Айзат өңірдегі  жастар саясатын жүзеге асырушы  белсенді жастар қатарында.  Бурабайда екі рет жастар лагерінде  болды. Өзінің озық идеялары мен жобаларын алып барып, замандастары арасында қорғап жүр. Астанада Ұлттық компания өткізген байқауда «Жас отбасы» номинациясының жеңімпазы атанды. «Мен Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекенінде жүргенде билік патриясының жастар қанатының белсенді мүшесі болдым. Көптеген шараларды ұйымдастырып, қоғамдық жұмыстарға көп араластым. Сол жерде жүріп алған тәжірибем темір жолда қажет болды деп ойлаймын, – дейді Үздік өнертапқыш ататнған жас теміржолшы.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты