Билет кассасында – 40 жыл

Жаңалықтар
08.09.2017, 11:20

Семейдегі жолаушы тасымалы қызметінде кәсіби қызметтен көрген-түйгендері көп тәжірибелі мамандар қатары жетерлік. Солардың бірі, ағымдағы жылы теміржол саласына қызметке келгеніне тұп-тура 40 жыл толған  Гүлзира Берікболова.   Жалпы, Берікболовтар династиясы тек Шығысқа ғана емес, күллі республикаға танымал десек артық айтқандық емес. Әйгілі әулеттің алдыңғы толқын өкілі саналатын Гүлзира апай билет кассирі қызметінен  еңбек демалысына шықса да сүйікті кәсібінен әлі де қол үзген жоқ.  Тіршілігі қым-қуыт еңбек ордасының әр күні көңілді. Шартараптан ағылатын, сан алуан тағдырлар сапырылысатын вокзал басы Гүлзира Берікболованың екінші үйі тәрізді. Осында түрлі оқиғаларға куә болды. Қайбір жылдары жолаушылар орындығына қалдырылып кеткен тастанды сәбиді өз қолымен құндақтап дәрігерлерге табыстады. Енді бірде түрмедегі ұлын бір көріп кетуге оңтүстіктен келген, әмиянын ұрлатқан кейуанаға жәрдемдесіп үйіне апарып қондырды. Құжаттарын жоғалтқан шетелдіктерге көмектесіп, рәсімдеуге атсалысты. Жолдан қалып бара жатқан асығыс жандарға билет әперуге жәрдемдесті. Сондықтан болар әріптестері  Гүлзира апайды  «Семей вокзалының акушері» дейді әзілдеп. Акушер демекші, ол кісінің кезекшілігінде әйелдердің пойызда босану оқиғалары жиі тіркеледі екен. Бір қызығы, мұндай жайттардың барлығы тек шекара асатын, өзбек, қырғыз, ресейлік жылжымалы құрамдарда ғана орын алатыны таң қалдырады.  -Шекара асатын әйелдер жол үстінде босанса өзіндік қтындық кедергілері бар.  Себебі, құжаты жоқ нәрестені елден ары өткізбейді. Сондықтан, қалада алып қалып, жеке бас куәлігін рәсімдеуге де ұжым болып атсалысамыз, - дейді Гүлзира Мырзағалиқызы. Десекте, тәжірибелі маманның кеңесі жаңа толқын мамандар үшін ақылдың кені. Бүгінде өздерін  Гүлзира Мырзағалиқызының  шәкірті санайтын бір толқын бар.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты