Перрондар ретке келтірілді

Жаңалықтар
08.09.2017, 11:32
Жамбыл магистральді желі бөлімшесіне қарасты жеті вокзал бар. Оның екеуі бірінші санатты – Жамбыл және Шу вокзалдары, үшінші санатты вокзалдар – Сарышаған, Луговой және халық көп шоғырланған аймақтардағы шағын бекеттер – Жаңатас, Қаратау, Шығанақ бекеттері.   Бүгінгі күні аталған вокзалдардың барлығы толық дерлік Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің балансына өткен. Вокзалдардың жөндеуі, қас бетінің және ішінің эстетикалық тұрғыдан тартымдылығы, қауіпсіздік, қысқы және жазғы маусымға дайындығы бөлімше қадағалауымен жүзеге асырылуда. -Ең алдымен перондарды ретке келтіруді қолға алдық. Бұған дейін  вокзал перондарында жабайы сауда жасаушылар легі жолаушыларға ыңғайсыздық туғызып және осында орналасқан сауда нүктелері де әр қалай орналасып, бірізділік болмаған еді. Сондықтан, арнайы комиссия жасақталып, кәсіпкерлердің ұсыныстары талқыланды. Жалпы, біздің басшылыққа алып отырған басты қағидамыз – ұлттық компания тарапынан дайындалған темір жол вокзалдары шаруашылығын дамыту жөніндегі тұжырымдама. Біз осыған сүйеніп, жұмысты жүргізіп отырмыз.  Әрине, бұл жұмыстардың барлығы арнайы талаптар бойынша жүргізіліп, вокзал аумағында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге байқау ұйымдастырылды. Ал жеңімпаздарды анықтауда «Нұр Отан», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтағы өкілдері және қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің мамандары тартылды. Қазіргі күні Жамбыл және Шу вокзалдарындағы сауда нүктелері перонның бір жағына шығарылып, ықшамдап орналастырылды. Бұл пойыздардан түскен жолаушыларға  ыңғайсыздық тудырмайды. Және арба сүйретіп жабайы сауда жасаушылар санитарлық талаптарды ескермегендіктен шеттетілді,- дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Бейбіт Садықбеков.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты