Қосымша пойыздар сенімді ақтады

Жаңалықтар
08.09.2017, 12:42
 Маңғыстауда жарты жылда жолаушылар тасымалы 7 пайызға, сегіз айда 9 пайызға артқан. Яғни, өткен жылдың алты айында түбектен 278 мың 355, сегіз айда 381 мың 976 жолаушы темір жол көлігін пайдаланса, биыл бұл сәйкесінше 297 мың 290 және 416 мың 548 адамды құраған.    Жолаушылар санының артуы, әрине «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен байланысты. Көрме өткен маусым, шілде, тамыз айларында Елордаға қатынайтын №37/38 пойызына 33 мың 859 билет сатылған немесе өткен жылғы салыстырмалы мерзімнен 3 мың 449-ға артық. Сондай-ақ, №237/238 пойызымен жаз айларында 22 мың 565,Тальгомен 8 мың 736 жолаушы жөнелтілген. Жалпы жаз бойы аталған темір жол көліктерін 65 мың 160 адам пайдаланған. 2372 адам ЭКСПО көрмесінің билеттерін темір жол кассаларынан сатып алған. –  Осы жылы ЭКСПО -2017 көрмесіне орай Астанаға жаңа бағыттар ашылып, соған сай жолаушылар қозғалысы да арта  түсті.  №37/38 пойызы бұрын 15 вагоннан 3 құраммен қатынаса, биыл тақ күндері 19 вагоннан, ал №237/238 пойыз жұп күндері 13 вагоннан 3 құраммен жүрді. Тальго айына 8 рейстен ұйымдастырылды. Сонымен жазғы тоқсанда Астана бағытына шығарылған вагондар саны 2064 болды, ал өткен жылы ол небәрі 675 еді, демек, қосымша ұйымдастырылған пойыздар сенімді толық ақтады, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінің бастығы Мұратбай Көпенов.      М.Көпеновтың айтуынша, ЭКСПО-ның аяқталу уакыты таяп қалуына байланысты 6 қыркүйек күні Тальго пойызының соңғы рейсі түбектен жөнелтіліпті. Ал №237/238 пойызы  10 қыркүйекке дейін жүретін болады. Одан кейін бұл бағытта тек №37/38  фирмалық пойыз қалады.  

Шахида Жұман

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты