Шаттл пойызының тиімділігі

Жаңалықтар
19.09.2017, 11:08
Шаттл пойыздарын ұйымдастыруда Семей ЖТ бөлімшесі көш бастап тұр десек артық айтпаймыз. Бөлімше бойынша пойыз қозғалысының тиімділігін арттыру мен жүк айналымын жүйелендіруге бағытталған жаңашыл шаралар нәтижелі аяқталды. Бұл ретте өткен жыл мен соңғы жартыжылдықтағы өндіріс барысында қолданылған тың тәсілдер сенімді толықтай ақтады. Соның аясында ауыр салмақты пойыздарды жолға шығару, Шаттл пойызын жасақтау сынды жауапты жұмыстар соңғы 8 ай ішіндегі көрсеткіш бойынша күрт қарқын алды. Әсіресе, жүк жеткізуге тапсырыс беруші клиенттерді Жаңасемей станциясында құрастырылатын Шаттл пойызы ерекше қызықтыруда. Осыған дейін бұл жетістікті шараны тек құрылыс материалдарын өндіруші «Almix» ЖШС компаниясы ғана пайдаланып келсе, жуырда аталмыш пойызды жасақтап жүк жеткізуге «Семей цемент зауыты» АҚ тапсырыс беріпті. Осы орайда қаланың өндірістік ауданында орын тепкен Жаңасемей станциясында хоппер-вагондар арқылы Алматы-1 және Астана станцияларына цемент жүгі жеткізілді. Жолға шығарылған 90 вагоннан тұратын 11 жөнелтілім жолаушылар пойызының жүру тәртібімен діттеген жерге небары бір тәулік ішінде ғана жетті. Бұл жергілікті тапсырыс берушілерді қанағаттандырып отыр. Ал, осыған дейін жүк Алматы қаласына 2,3 тәулікте жеткізілсе, Астана станциясына 5,3 тәулікте баратын еді. Сонымен қатар, осыған дейін Шаттл пойызының игілігін пайдаланып жүрген «Almix» ЖШС тапсырыс санын тағы да арттырып отыр. Аталмыш компанияның жүк тасымалы бағыты 5 пайызға ұлғайтылды. Қазіргі күні жүк айналымы мен логистикаға жауапты бөлімше мамандары Шаттл пойызының тиімділігін есептеп шығарды. Алдағы уақытта аймақтағы ең ірі әрі тораптық Семей станциясында да аталмыш жүрдек жүк пойызын құрастыру көзделуде. Алайда, ол үшін экономикалық тиімділіктер жан-жақты сарапталуы тиіс. Ал, Шаттл пойызының тұрақты түрде жолға қойылуы кірісті еселеп, желі бойындағы пойыз қозғалысын жүйелеуге септігін тигізеді.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты