Жаңа технология жерсінбей жатыр 

Жаңалықтар
19.09.2017, 11:12
Шымкент – Түлкібас телімінде 8 станция орналасқан. Осы аралықтағы СОБ бойынша телім бастығы Мәлік Бақтиярұлы әр бекетке тоқсанына бір келіп, екі механик пен үш монтердің жұмысын  қадағалайды.   Жиырма жылға кепілдігі бар итальяндық Альстом электр жетегін күтіп-баптауға байланысшылар да үйренген. Тек, оның кері тұстары да жоқ емес. Бұл құрылғы қазір Алматыда құрастырылуда. –  Апта сайын тексеру кезінде Альстомның сыртын тазалап, сымдарын түзегеніміз болмаса, ішін ашуға рұқсат жоқ. Ашқанда оның қосалқы бөлшектері қат болуда. Сондықтан, қауіпті жағдайда істен шықса Алматыдағы зауытқа жібереміз. Немесе арасында қолдан жөндеуге келетіндерін қарастырамыз. Альстом Алматыға «кеткенде» 4 сағаттық толаскез алып, орнына бұрынғы СП-6 электр жетегін қосамыз. Электр жетегі ауысқаннан пойыз кестесіне зиян келмеу керек. Шыныны айтсақ, жаңа технология жерсінбей жатыр.  Құрылғының жиі сыр беруінің себебі көп. Мүмкін біздің елдің ауа-райына сай емес шығар. Оның үстіне  Итальяда шпалдарға қимылдамайтындай етіп, бетон-моналит құйып орнатады. Бізде жүк пойыздары жиі өткен сайын бетон мейлі бөрене шпал болсын қатырған жерінен айнып, жылжып тұрады. Осының өзі аталған құрылғыға кері әсер етсе керек.  2013 жылдан бері 146 дана Альстом орнатылған. Бұл жетек типіне қарай Р-65 рельстеріне қойылады. Альстом – жаңа технология болғанымен, бұрынғы ресейлік СП-6 электр жетектері де бұдан кем емес. Бағасы да тиімді. Бұзылып қалса қосалқы бөлшектері де оңай табылады. Әрі ішін ашып, өзіміз ауыстыра береміз,- дейді Мәлік Бейсенов.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты