ҚТЖ, ГТЖ және қазақстандық экспорттаушылар жаңа мүмкіндіктерді талқылады

Жаңалықтар
16.10.2025, 10:50

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Грузин темір жолы» АҚ (ГТЖ), грузин терминалдары, порттары (APM Terminals, Pace Georgia) өкілдерінің және қазақстандық жүк жөнелтушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесу ынтымақтастықты дамытуға және Грузия бағытындағы тасымалдардың тиімділігін арттыруға бағытталған ашық және сындарлы диалог форматында өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы экспорттық тасымалдарды ұйымдастыру, жүк ағындарын болжау, сондай-ақ теміржол әкімшіліктері мен жүк жөнелтушілер арасында тұрақты және жүйелі кері байланыс құру мәселелері болды.

Дөңгелек үстелге осы бағыттағы мұнай мен мұнай өнімдерін, қара және түсті металдарды, астық жүктерін және басқа да өнімдерді жөнелтуді жүзеге асыратын ірі қазақстандық экспорттаушылар қатысты. Спикерлер Грузия бағытындағы тасымалдар Қазақстанның логистикалық жүйесінде, оның ішінде ТХКБ желісі бойынша ерекше орын алатынын атап өтті.  

Отандық жүк жөнелтушілер ашық диалог форматын жоғары бағалап, мұндай алаң ҚТЖ, ГЖТ және грузин терминалдарының өкілдеріне толғандыратын сұрақтарды тікелей қоюдың нақты мүмкіндігіне айналғанын атап өтті. Қатысушылар ашықтық пен жедел кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға сындарлы талқылау және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге дайындығы үшін алғыс білдірді. Мұндай кездесулер, жүк иелерінің пікірінше, сенімді нығайту, логистикалық процестерді жақсарту және қазақстандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қуатты құрал болып табылады.

Айта кетсек, осы жылдың 9 айында Қазақстан мен Грузия арасында жіберілген және қабылданған тасымалдау көлемі шамамен 2,85 млн тоннаны құрады, оның ішінде Грузия аумағы арқылы экспорттық қатынаста – 2,1 млн тоннадан астам. Бұл көрсеткіштер қазақстандық жүк жөнелтушілердің Грузия арқылы өтетін маршруттарға деген тұрақты қызығушылығын растайды. Қазақстандық астықты тасымалдауда 80 есе (3 - тен 240 мың тоннаға дейін), түсті металдардың 10% өсуі байқалады.  

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда