Теміржолшы әулетіне құрмет

Жаңалықтар
03.10.2017, 11:39
Жексенді күні жылдағы дәстүр бойынша Астанада  Еңбек күніне арналған  қалалық форум өтіп, оның  аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша жеңімпаздар және кәсіптері бойынша үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Онлайн-дауыс берудің және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия шешімінің қорытындылары бойынша «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 1 орынды кіл теміржолшылардан құралған Базарбаевтар әулеті иеленді. Бүгінгі таңда теміржол көлігі саласына отбасының 15 мүшесі еңбек етіп жаста, әулеттің жалпы еңбек өтілі - 739 жылды құрайды екен. Даңқты әулеттің өкілі, «ҚТЖ»ҰК»АҚ – Магистральдық желі дирекциясы филиалы техникалық даму департаментінің менеджері, Құрметті теміржолшы Базарбаев Нұрлан Серікханұлына жүлдесін ҚР Праламенті Сенатының депутаты Владимир Редкокашин табыс етті. Әулет шежіресіне үңілсек,  оның негізін қалаған Базарбаев Серікхан 1933-1970 жылдар аралығында Жарма жол дистанциясында жолшы болған. Ақсақалдың ұлдары Аманғазы, Жақсылық, Нұрлан, Ержандар әке жолын жалғап, Аягөз, Семей, Алматы, Астанада теміржолшы кәсібін игеріп, ұзақ жыл жемісті еңбек етеді. Ал бүгінде әулеттің үшінші буынынан Серікхан ақсақалдың он немересі болат жолда тер төгуде екен. Бір қызығы Базарбаевтар әулетінің көпшілігі темір жолдың белгі беру және байланыс саласын таңдаған.                                                                                Еске сала кетсек, үздік еңбек династияларын және өндіріс қызметкерлерін анықтау, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, олардың өз мамандығына дұрыс қарауға тәрбиелеу, көпжылдық жұмысшылар династияларының дәстүрін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің бастамасымен қолға лаынған республикалық «Еңбек жолы» конкурсы қоғамдағы адамның еңбегін, абыройын арттыру жалпыға бірдей еңбек Қоғамын құру идеясы аясында еңбек өнімділігн арттыруды көздейді. Осыған дейін де астаналалық Мұқашевтар, арыстық Жаңабаевтар әулеті аталмыш байқауға қатысып жүлделі орындардан көрінген болатын.

Даниал ХАМИТ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты