Жаңа моделдің тиімділігі мол

Жаңалықтар
10.10.2017, 16:03
 «ҚТЖ»ҰК»АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың жетекшілігімен Бизнесті трансформациялау бағдарламасына қатысты өткен жиында «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы талқыланды.  Қазақстан теміржолының Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасына сәйкес осы жылы аталған техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа моделі «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ активтерінде енгізіле бастады. Жоба активтердің құрылуы немесе қолданылуынан бастап пайдаланудан шығып қалғанға дейінгі аралықты қамтитын барлық өмірлік циклдарында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін өндірістік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру және енгізуге бағытталған. –Енгізіліп жатқан жобаның негізгі мақсаты активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді тиімді басқаруды арттыру, өндірістілік, сенімділік және қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жету болып табылады, –деп атап өтті Қанат Алпысбаев. Кездесу аясында жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру перспективалары, сонымен бірге оны компанияның әрбір филиалына енгізудің        ағымдағы статусы туралы талқыланды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін мамандар активтерді басқару бойынша үздік әлемдік тәжірибелер, сонымен қатар активтерді басқару жүйесінде құзыретті жетекші әлемдік компаниялардың ұсыныстарын зерттеді. Жоба кеңесшілерінің сөзіне қарағанда, активтердің жағдайы туралы ақпарат жаңа модельде тәуекелдер талданып, қабыл алмаулар болжанатын бірыңғай мониторинг жүйесіне жиналатын болады. –Алдын ала есептеулер бойынша жоба тиімділігі 2021 жылға дейін 14 млрд теңгеге жетеді. Бұл өндірістік активтер портфелін оңтайландыру, өнімсіз шығындарды азайту, сондай-ақ активтерден бас тарту мен оларды пайдалану кезіндегі компоненттерін азайтудың арқасында мүмкін болады, – деді өзі сөзінде Техникалық саясат және реттеу департаментінің бас менеджері Қанат Іздібаев. Кездесу соңында Қанат Алпысбаев Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларына жобаның жергілікті жерлерде жүзеге асырылуына қажеттіні жасап, жобаны енгізу аясында қойылған міндеттерді жедел шешуге тапсырма берді.

Мадина ТҰРҒҰМБАЕВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты