Аңырақай – Қордай: екінші жол қолданыста

Жаңалықтар
17.10.2017, 15:10
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі аумағы арқылы өтетін Алматы-1 – Шу теліміндегі Аңырақай – Қордай аралығында 7,9 километрден астам қос  жолды  жаңа жол пайдалануға берілді. Алматы-1– Шу кешенді темір жолын іске қосу бойынша екінші жолдар құрылысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің күшімен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілуде.   «Біз ұзындығы 4 км №8 және 3,923 км №9 телімдеріндегі жұмыстарды аяқтап, оларды пайдалануға бердік. Аралықтарының ұзындығы 16,9 км құрайтын Аңырақайдан Қордай станциясына дейінгі телімде жүк және жолаушылар пойыздарының жүруі үшін екі жолды желі қозғалысы ашылды», –  деді ұлттық компанияның Ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекциясы Алматы-1-Шу теліміндегі екінші жолдар құрылысы бойынша басқармасының бастығы  Құмбай Байдәулетов. Ол сондай-ақ Қордай станциясы басында 7 бағыттама бұрмасы жаңасымен ауыстырылып жатқанын және бұл жұмыстардың  аяқталуға жақын екенін жеткізді. Сонымен қатар Қордай – Отар аралығындағы блок-қосындары аудандарындағы  бағыттама бұрмалары бөлшектеніп алынуда. Келесі аптада Құлжабасы станциясын жабу бойынша жұмыстар аяқталмақ. «Сонда ұзындығы шамамен 18,8 км құрайтын Қордайдан Отар станциясына дейінгі аралық та толығымен екі жолды болады»,  – деп атап өтті Құмбай Байдәулетов. Алматы-1–Шу желісінің барлық ұзындығында 92 км жерге екінші жолдар салынды, құрылысшыларға ендігі қалғаны 21 км жолды іске қосу ғана. Биыл жоба сонымен тәмам болады. Алматы-Шу телімінің екінші жолдарынң жалпы ұзындығы 113 км құрамақ. Еске сала кетсек, өткен жылы Алматы-1 – Шу теліміндегі үш учаскедегі жол берілген болатын. Ал ағымдағы жылы мұндағы құрылыс жұмыстары ел тәуелсіздігі күні қарсаңында толық аяқталмақ. –Алдағы кезеңде өзге де құрылыс учаскелеріндегі жолды пайдалануға беру үшін жұмыс қызу жүріп жатыр. Амандық болса биылғы жылы мұндағы жұмыстар толық аяқталады. Соның нәтижесінде жүк және жолаушылар тасымалында жылдамдықты көтеру, қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде елеулі жұмыстар жүргізілетін болады. Екінші жолдардың пайдалануға берілуіне байланысты телімнің өткізгіштік мүмкіндігі үш еседен астам ұлғайды, сәйкесінше, жүк пойыздарының кезек күту уақыты екі есеге дейін кемітілуде. Осы жол бойынша жобаны жүзеге асыру барысында 49 шақырымнан астам басты жолдар салынбақ. Бұл аталған телімнің өткізгіштік қабілетін тәулігіне 68 жұп пойыз өткізуге дейін ұлғайта түседі. Жолдың учаскеге тікелей тартылған бөлігінде жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы сағатына – 140, ал жүк пойыздары үшін  – 120 шақырымды құрайды, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев.

Ирина Бектиярова

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты