Қауіп қайда деме...

Жаңалықтар
17.10.2017, 15:28
 Кеше Астана қаласындағы теміржолға жақын орналасқан №36 мектепте теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін ескерткен маңызды шара өтті.   Шараны ұйымдастырушы Астана локомотив пайдалану депосы мен  Ірілендірілген Астана жол дистанциясының еңбек қорғау саласы мамандары жол ережелерін сақтамаудан болатын қайғылы оқиғалар саны азаймай отырғанын мәлімдеді. Мәселен, биыл темір жол бойында бейқам жүрген адамдарға қатысты 4 қайғылы оқиға болған. Мұндай жағдайлар көбіне темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өту, әртүрлі жастағы азаматтардың ойсыз әрекетінен, олардың темір жол бойында ең қарапайым жол ережелерін сақтамауынан, жүріп бара жатқан құрамның алдынан жүгіріп өту, платформадан секіру, вагондар арасынан және астынан өту, автотіркегіште тербетіліп тұру секілді әрекеттерінен орын алып жатқанын атап өтті  УПЧ-17 еңбек қорғау инженері Асылхан Нұрғожин. Мектептің мәжіліс залына жиналған жоғары сынып оқушыларына жолдан жүру ережелерін түсіндіретін бейнероликтермен қатар мультфильмдер көрсетілді. Бұдан соң мамандар оқушылардан не түсініп, не түйгендерін сұрады. Жасөспірімдер сұрағына жауап берді. Ай сайын теміржолға жақын мектептер оқушыларымен осындай кездесулер өткізуді жоспарға бекітіп қойған локомотив депосының жетекші инженері Гүлзада Әбдіқалықова кездесу мақсаты – балалар өмірінің қауіпсіздігін сақтау екенін жеткізе отырып, оқушыларды темір жол аймағында өте абай болуға шақырды.  «Себебі, кез-келген уақытта бір жақтан пойыздың шыға келуі, тоқтап тұрған вагондардың жүріп кетуі мүмкін. Арнайы белгіленген жерлер: көпір, өткелдер, өтпелерден ғана өту керек. Пойыздар қозғалып бара жатқандағы қауіпсіз ара қашықтық рельстің шетінен 5 метр аралық болу керек. Осыны өздеріңіз де біліп, достарыңыз, туыстарыңызға да айта жүріңіздер. Себебі сіздердің аман-сау болғандарыңыз өзіңіз үшін, ата-анаңыз үшін, қоғам үшін де керек», – деді теміржолшылар. Балалар да бір ауыздан өз көргендерін іс жүзіне асырып, темір жолдан өту ережелерін сақтауға уәде етті.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты