Жаңғырту тақырыбында брифинг өтті

Жаңалықтар
22.07.2016, 15:23
Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жамбыл темір жолының бүгінгі әлеуеті және логистикалық инфроқұрылымды жаңғырту» тақырыбында брифинг өтті. Бас қосуға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының  бірінші орынбасары  Үмітбек Рысбеков, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Бас инженері Жұмағали Урсаров және Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нуридин Қожанов қатысып, Жамбыл бөлімшесінің ағымдағы жылдың  І жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысын айтып берді. Үмітбек Есмұратұлы бүгінгі күні ұлттық компанияда қосымша жүк ағымдарын тарту үшін  Қазақстан аумағы  бойынша жүктерді  транзиттік тасымалдау  саласында  икемді тарифтік саясат іске асырылып, астық, қара металл, ағаш, көмір, өсімдік майын  тасымалдауға  қолайлы тарифтік жағдай жасалғандығын алға тартты. – Қазіргі таңда Қазақстанның транзиттік потенциалын арттыру және отандық экспортты шығару бойынша ірі инфрақұрылымды жобалар  іске асырылуда. 2016 жылдың  бірінші  жартыжылдығында ҚР аумағы бойынша 704 контейнерлі пойыз,соның ішінде транзиттік қатынаста 679 пойыз жүріп өтті, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13%-ға көбейіп отыр, транзиттен түскен кіріс үлесі жалпы кіріс көлемі де  35%-ға жетті. Жол бөлімшесінде және оның  құрылымдық бөлімшелерінде  12 000  астам адам  еңбек етеді, олар пойыздар қозғалысы  қауіпсіздігін және жүк ағымы көлемін қамтамасыз  етіп келеді. 2016 жылдың 6 айы ішінде Жамбыл бөлімшесі бойынша 16 көрсеткіштің ішінен  жоспарға 1 көрсеткіш, 2015 жылмен салыстырғанда  2 көрсеткіш қана орындалмады.  Бүгінгі күні Мойынты-Шу телімі бойынша ауырсалмақты пойыздарды өткізу үшін KZ8A сериялы локомотивтері пайдаланылды, бұл локомотивтерді пайдалану паркінің азаюына, олардың орташа тәуліктегі жүрісіне және олардың өнімділігінің артуына сеп болды. Сондай-ақ есеп беру аралығында жол бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының 12 оқиғасына жол берілген, 2015 жылы 20 оқиға орын алған, 8 оқиғаға  немесе 40%-ға  азайған. Бірінші жартыжылдықта жол берілген  ақаулар саны бойынша жол бөлімшесі шыдамдылықтың төменгі деңгейінде екенін айта кету қажет, – деген Үмітбек Рысбеков жамбылдық теміржолшылардың ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында атқаратын міндеттеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Толаскездер» беру кезінде транзиттік вагон ағымын  өткізуді  ұйымдастыруды бақылауды іске асыру жұмысы жалғасады. Түйіспелерден келетін ауырсалмақты жүк тиелген вагондар есебінен және  вагон құрылымына сәйкес, вагондарға толық сыйымдылығына немесе трафаретті жүккөтергіштікке дейін жүк тиеу есебінен жол бөлімшесінде құрастырылатын  ауыр салмақты пойыздарды көбейту жұмысы жанданбақ.  «Мыңарал» стансасындағы «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, Хантау стансасындағы «ACIG»АҚ  және Жаңатас стансасындағы  «Еврохим ОХК» ЖШС химиялық  өндірісінің  пайдалануға  берілуіне байланысты  жол бөлімшесінде  жүк тиеу және жүк түсіру  көлемі едәуір артты. Шу-Алматы-1 темір жол теліміндегі  екінші  жолдардың, Қаратау стансасындағы «ЕвроХим-Удобрения»ЖШС және «Talas Investment Company»  ЖШС, «Тараз химия паркі»АҚ  теміржол құрылымдарының, Балқаш ТЭС  құрылысы аяқталғаннан кейін жол бөлімшесі бойынша жүк көлемі, жүк тиеу, жүк түсіру және жүк тасымалынан түсетін кіріс көлемі   едәуір  артады деп күтілуде, яғни тасымалдау қабілеті 3,2  мәртеге  немесе  22 млн тоннадан  80 млн тоннаға  артатын болады деген мәлімет берді Үмітбек Рысбеков.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды