Жастар резерві: ҚТЖ болашақтың командасын құруда

Жаңалықтар
13.01.2026, 12:18
Оқуға 2 мин

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ - да талантты жастарды анықтауға және Компанияның болашақ басқарушы элитасын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бастама – «Жастар кадрлық резерві» ауқымды бағдарламасы бастау алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бағдарлама мақсаты – жас мамандардың кәсіби және көшбасшылық қасиеттерін дамытып, олар үшін мансаптық өсу мен негізгі лауазымдарға орналасуға дайындықтың нақты мүмкіндіктерін жасай отырып, берік кадрлық іргетас құру. Бұл уақыт сынақтарына жауап бере алатын заманауи, тұрақты және динамикалық команда құру жолындағы маңызды қадам.

ҚТЖ - да Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары патриотизм және таңдалған мамандыққа адалдық – саналы таңдау және өмір салты болып табылатын жас мамандардың ұрпағы қалыптасуда. Дәл осы сенім олардың еңбегін ел дамуының қуатты тірегіне  және теміржолды тек салаға ғана емес, Қазақстанға қызмет етудің символына айналдырады.

Бағдарлама аясында 2025 жылғы 15-31 қазан аралығында өтінімдер қабылданып, 1167 адам  тілек білдірген.

Бағдарлама шеңберінде іріктеудің 3 кезеңі: кандидаттардың құзыреттерін бағалау, кәсіби тестілеу және комиссиямен әңгімелесу өткізілді. Іріктеудің үш кезеңінің қорытындысы бойынша Корпоративтік орталықтың, желілік, өңірлік және желілік деңгейлердің 170 қызметкері қабылданды.

Ағымдағы жылы резервке қатысушылар кәсіби дағдыларды, басқарушылық және коммуникативтік құзыреттерді дамытуды, жобаларға қатысуды және тәлімгермен жұмысты қамтитын кешенді оқытудан өтеді.            

Оқыту теориялық және практикалық жұмысты біріктіреді.

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасында жас мамандар мен олардың тәлімгерлері тарапынан да тұрақты өсуге ұмтылу, бастамашылдық пен жауапкершіліктің негізгі қағидаттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл бастаманы іске асыру дарынды жастардың мықты пулын қалыптастыруға, кадрлық сабақтастықты нығайтуға, жас қызметкерлердің ынтасы мен тартылуын арттыруға бағытталған. Бұл тиімді жұмысқа ықпал етіп қана қоймай, адами капиталды дамыту арқылы Компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бағдарламаның табысты қатысушылары ҚТЖ-да одан әрі мансаптық өсу үшін ұсыныстар алады.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды