Өзбекстан мен Түркия билігі «Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Түркия» бағыты бойынша тұрақты контейнерлік теміржол тасымалын ашу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл туралы Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамов «O’zbekiston 24» телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл келісім өзбекстандық жүк тасымалдаушыларға Түркияның Мерсин порты арқылы теңізге шығуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жоғары лауазымды шенеунік бұл уағдаластықтар Орта дәліз (Средний коридор) бойымен халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге ықпал ететінін атап өтті.