Ардагерлер – ақылшың...
Жаңалықтар
03.11.2017, 10:43
Астана тораптық ардагерлер кеңесінің бір топ мүшесі электрмен жабдықтау дистанциясында болып, мекемеден ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлады.
Байырғы теміржолшылар мен дистанция қызметкерлері қатысқан кездесуде дистанция бастығының орынбасары Медет Хасенов мекемеде бүгінгі таңда 139 ардагер теміржолшы барын мәлімдеп, электрмен жабдықтау дистанциясы ардагерлер кеңесінің төрағалығына ұжым атынан байырғы теміржолшы Тұрлыбек Әшірбековты ұсынатындықтарын жеткізді. Бұдан кейін сөз алған Астана тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәшүр Жабағин кеңес жұмысының қыр-сырын баяндап, келісіп пішілген тонның келте болмайтынын тілге тиек етіп, ұжымның ұсынысын дауысқа салуды сұрады. Нәтижесінде көпшіліктің бірауыздан қолдауымен Тұрлыбек Әшірбеков электрмен жабдықтау дистанциясы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
–Ұзақ жыл өзім қызмет еткен мекемені зейнетке шыққаннан бері сағынып жүргенім рас еді. Бүгін ардагерлер кеңесінің төрағалығына ұсынғандарыңызға рахмет, қолдан келгенше әріптестер сенімін ақтауға тырысамын, – деді өз кезегінде Тұрлыбек Әшірбеков.
Басқосудан соң ардагерлер мекемені аралап көріп, жұмысшылардың өндіріс орындарымен танысып, ақыл-кеңестерін берді.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті