Тест тапсырды
Жаңалықтар
28.11.2017, 18:56
Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы орталығының алдын алу бөлімінің мамандары әлемде таралған қауіпті жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы дертінен сақтандыру мақсатында теміржолшылармен ашық диалогта кездесу өткізді. Теміржолшылар өз еріктерімен адам иммун тапшылығы вирусы сынамасын тапсырып, қорытындысын алды. Атырау ЖТ бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Ақназарұлының бастамасымен ұйымдастырылған шарада облыстық ЖИТС орталығы мамандары «Есірткі құрбаны» атты сахналық қойылым қойды. Жас отбасының ұйып отырған шаңырағында дүниеге келген сәбиде ЖИТС дертінің болуы екі жастың сынаққа шыдамай, ажырасуына әкелгені бүгінгі қоғамда осындай оқиғалардың жиілеп кеткенінен хабардар еткендей еді. Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Маржан Зейноллақызы бастап келген мамандар адам иммун тапшылығы вирусы инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, берілу және сақтану жолдары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілік туралы айтып, теміржолшылардың сұрақтарына жауап берді. Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Маржан Зейноллақызы:
–Атырау облысы бойынша 262 адамнан адам иммун тапшылығы вирусы дертімен есепте тұр. Оның дені – шетелдіктер. Қазір 20-39 жас аралығында осы дерттің белгілері жиі анықталуда. Биыл дүниеге келген 1 сәбиден анасы арқылы жұққан дерт анықталды. Бұл дерттің алдын алу және емін алып өмірді ұзартуға болатынын халыққа түсіндірудеміз. Біздің осы мақсатымызды теміржолшылар ұғынып, сұрақтар қоюы бізді қуантты. Әдетте мұндайда белсенділік төмен болып жатады. Бірақ біздің теміржолшылармен ашық әңгімеміз қызу болды, – деп теміржолшылардің белсенділігіне риза болды.
Сайып келгенде ЖИТС орталығы мамандары лезде қорытынды нәтижесін шығаратын заманауи сынама құрлығысы арқылы өз еріктерімен анализ жасауға ниет еткен теміржолшылардан қан алып, 10 минутта нәтижесін шығарып берді. Орталықтың бөлім меңгерушісінің айтуынша, сынама тапсырған теміржолшылардың қанынан жұқпалы адам иммуны тапшылығы вирусы белгілері анықталмады. Аурудың алдын алудағы осындай профилактикалық жұмыстар, дерттің алдын алумен қатар дерт анықталған жағдайда дер кезінде емделіп, айығуға септігін тигізеді. Сондықтан Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің медицина саласының мамандарымен бірлесіп жұмыс атқаруы өзге салаларға да үлгі боларлық.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл