Түлектер аллеясы ашылды

Жаңалықтар
28.11.2017, 19:03
 Еліміздегі теміржол мамандарын даярлап отырған Тараз қаласындағы Тараз теміржол колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында түлектер аллеясы ашылды. Оқу орнының кешегі-бүгінгі түлектері қатысқан шарада Елбасының аталған бағдарламалық мақаласында көзделген жоспарларды іске асыру мақсатында Тараз теміржол колледжі мен облыстық тарихи өлкетану музейі арасында бірлескен екі жақты меморандумға қол қойылды. Аллеяның салынуына оқу орнының әр жылдардағы түлектері демеушілік етті. Ол колледж жатақханасы мен бас ғимаратының жанында орналасқандықтан болашақта студенттердің ең сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Себебі онда орындықтар мен шатырлар орналасқан. Жиында аталған колледж директоры Нұржан Нұралиев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы мақсат-міндеттер негізінен жастарға бағытталғанын тілге тиек етті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған мақаласы – тәуелсіз қазақ елінің болашағына бағыт-бағдар беретін аса маңызды құжат. Бүгінгі шара осы мақала аясында жүзеге асырылды, ол Отан, ата-ана алдындағы парыз бен қарызды жастардың бойына сіңіріп, санасына сілкініс әкелетін қадам деп ойлаймын. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бүгінгі ұрпағына аман-есен жеткізген атамекенге адалдық идеясы деп қабылдау қажет, – дейді Нұржан Тоқбергенұлы.    Түлектер аллеясы салтанатты түрде ашылып, оның лентасын қию рәсімін «Дніпро» украин этномәдени ұйымының жетекшісі, колледждің 1966 жылғы түлегі Федор Клименко, ардагер ұстаз Қасым Құрбанов, қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің мүшесі, колледждің 1966 жылғы түлегі Алпысбай Смайловтар жасады. Салтанатты шарадан соң қатысушылар аллеяға 25 түп арша ағашын отырғызды.  

Ерман Әбдиев, Тараз

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл