«SK Әзіл Fest» фестивалінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрама командасы топ жарған үздік үштіктің бел ортасынан табылды.  

Теміржолшылар командасы «Самұрық-Қазына» АҚ құрамасына жол беріп, ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымы көшбасшыларынан алға озып, екінші орынды еншіледі. Сонымен, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 20 жылдығына арналған іс-шара 6 қарашада Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында өтті. Фестиваль холдингтің ірі еншілес ұйымдарының 10 жарқын және өршіл командаларының басын қосты. Кештің басты ұраны « 20 ЖЫЛ: БІР КОМАНДА – ОРТАҚ ЖЕҢІС!».

Ойын шынымен де қызу, динамикалық және тартысты өтті. ҚТЖ құрамасы дайындықтың жоғары деңгейін, астарлы корпоративтік әзілді, керемет актерлік ойын көрсетті. Өткір сатира, теміржол жұмысының өзекті әзілдері мен түпнұсқалық миниатюралар жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болып, сарапшылар алқасының жоғары бағасы берілді.