Бақылау – қырағылықты арттырады

Жаңалықтар
16.01.2018, 14:53
Оқуға 2 мин
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп темір жол өткелдеріне рейд жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолғы шара Қант зауыты алқабына баратын жолдағы Қаратау өткелінде ұйымдастырылды. Онда алдын ала дайындалған сценарий бойынша дабыл ойнатылып, оны елемеген көлік жүргізушілеріне құқық қорғау саласының мамандары хаттамалар толтырды. Мұндай олқылықтың көз алдында орын алып жатқанын көрген Жамбыл ЖТ бөлімшесінің басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілердің заңға бағыну қажеттігін қатаң ескертті. Осы орайда еске сала кетсек, өткен күзде Маңғыстау жол бөлімшесінде пойыз бен қоғамдық көлік соқтығысып, салдарынан 9 адам қайтыс болған болатын. Ол апатта көлік жүргізушісі соғылған дабылды ескермегені белгілі болған. Жүргізілген рейд барысында шынында жүргізушілердің көпшілігі соғылған дабылды ескерместен өтіп кетіп жатты. Сондай-ақ, олар сала мамандарына мұндай ережені білмейтінін алға тартып, ендігі жерде  ескеріп жүретіндіктерін жеткізіп жатты. Расында, жүргізушілердің көпшілігі міндетті түрде шлагбаум түскен жағдайда тоқтау керек деп түсінетін көрінеді. Шын мәнінде дабыл қоңырауы соғылған сәтте тоқтап, темір жолға зер салу қажеттігін талай жүргізуші бүгін біліп отырғанын айтты.    – Бүгінде көп жүргізушілер темір жол өткеліндегі дабылды ескере бермейді. Салдарынан түрлі апаттар орын алады. Бір ғана мысал, Маңғыстау облысындағы апаттың салдары бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Сондықтан ондай апаттардың алдын алу, болдырмау үшін барлығымыз жауаптымыз. Бүгінгі шара сондай апаттардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Және мұндай рейдтар жыл ағымында жалғасын табады, – деді Жамбыл жүк тасымалы  бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды