Машина құрастырудың толыққанды кластері
Жаңалықтар
19.01.2018, 18:37
Қазақстанда индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде темір жол көлігі машина құрастыру ісінің толыққанды кластері құрылды деп сеніммен айтуға болады.
«General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» сынды машина құрастыру ісінің әлемдік көшбасшыларымен серіктестікте инновациялық технологиялар трансфертін қоса алғанда қазіргі заманғы жылжымалы құрам өндірісі ұйымдастырылды. Қазақстандық кәсіпорындарда жүк және жолаушылар тепловоздары, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, жолдың жоғары төсемдеріне арналған материалдар, атап айтқанда, рельстер, бағыттама бұрмалары, айқастырмалар, темір бетон брустары, шпалдар, рельс бекітпелері, жөндеу жиынтықтары т.б. шығарылады.
Еске сала кетсек, тәуелсіздік алған жылдары 309 тепловоз, 68 электровоз, 614 жолаушылар вагоны, 8000 жүк вагоны және 200 мың тоннадан көп рельс сынды отандық өнім шығарылған. Өз кезегінде, бұл темір жол өнімдерінің жаңа отандық өндірісін, қосалқы бөлшектер, толықтырушы, тораптар және жылжымалы құрамға арналған құралдарды дамытуға негіз болды.
Отандық темір жол машина құрастыру ісінің кластеріне қосалқы бөлшектер, материалдар, толықтырушы өнімдер өндірісі бойынша 189 шағын және орта бизнестің кәсіпорыны жатады. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, 5120 аталымда теміржол өнімдері игерілген. Шығарылған өнімдердегі қазақстандық үлестің көлемі 30%-дан 50%-ға дейінгі аралықта.
Бүгінгі таңда кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің қатарын ұлғайту және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2016 жылы «Тұлпар-Тальго» ЖШС кең шанақты жолаушылар вагондарын өндіруге кірісіп, сол арқылы жолаушылар үшін әлдеқайда жайлы жағдайды қамтамасыз етті. Төрт құрам сертификациялық сынақтан өтіп, қазірден-ақ сұранысқа ие бағыттарда қатынауда, соның ішінде бір құрам Алматы – Ташкент халықаралық бағытында жүріп тұр. Бұған қоса инновациялық жылжымалы құрам өндірісі басталды: мысалы, ашық вагондар, астық таситын вагондар, фитинг платформалар, бұларда жүк көтерімділігі 20 пайызға арттырылған, фитинг платформалар сыйымдылығы 2 есе артқан. ТЭП-33А сериялы жолаушылар тепловозы және KZ4AT сериялы жолаушылар электровозының өндірісі басталды. Ұзындығы 120 метрлік ыстыққа бейімделген рельс шығару игерілді, бұл өндіріс бұрын ТМД елдерінде жоқ еді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру үшін ірі темір жол құрастыру кәсіпорындарына өнімдерін экспорттау үшін қолдау білдіруде белсенді жұмыстар жүргізуде.Темір жол өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 млрд-тан астам АҚШ доллары көлемінде бағаланады, ал нарық географиясы шамамен 18 елді қамтиды. Бүгінде Еуразиялық құрлық елдері нарығына 100 млн-нан астам АҚШ доллары тұратын қазақстандық өнім қойылған. Мысалы, тепловоздар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Украинаға, барлығы 23 бірлігі экспортталған. Сол сияқты Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия елдеріне 15,8 мың тонна рельс жіберілсе, 1200 бағыттамалы бұрма 816 дөңгелек бандажы Әзербайжанға жөнелтілген.
Ұлан ОРАЗ, Астана
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді