«Зияткерлік көлік жүйесі» құрыла ма?

Жаңалықтар
19.01.2018, 18:40
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қозғалыс саласына қатысты айтылған мәселеге ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек тоқталды. –Елбасы Жолдауында халық тұрмысының барлық салаларын, соның ішінде Қазақстанның көлік саласын цифрландыру мәселелеріне айрықша мән берді. Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен «Цифрлы Қазақстан» мемлекетік бағдарламасы аясында «Зияткерлік көлік жүйесін» құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр (ITS). ITS мақсаты – көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын, көлік құрылғыларын және пайдаланушыларды заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жүйелік ықпалдастыру. Тұжырымдамада ITS құрамына 11 компонент кіретін болады. Соның бірі, негізгі автомобиль дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары (ААӨҚ) –дейді министрліктің  ресми парақшасында Жеңіс Қасымбек. Аталған құрылғы қозғалыстағы көліктерді түйіспесіз өлшеп, негізсіз тоқтатуларды алып тастамақ. Биыл ААӨҚ-ның 10 бірлігі іске қосылмақ, ал 2020 жылға қарай олардың санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, жолдағы ахуал жайында жүргізушілерді ақпараттандыруға мүмкіндік беретін жол қозғалысымен басқару жүйесі, автожолдар бойында метеостанция желісі арқылы жүзеге асырылатын климаттық жағдайларды болжау және талдау жүйесі, бейне-мониторинг және жол жүру ережесін бұзуды анықтауға арналған арнайы бейне камералар желісі, республикалық автожолдар торын күтіп-ұстауға кететін шығындарды жабатын ақылы автожол жүйелері, т.б енгізілмек. Олар кезең-кезеңімен 2021 жылға дейін енгізілетін болады. Министрдің айтуынша, жобаның жүзеге асырылуы жолдағы адам өлімін қысқартуға, транзиттік тасымал көлемі мен логистикалық қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға, негізгі автодәліздерді толығымен өлшеу құралдарымен қамтуға және де жолдарда жүргізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Австралияда, Еуропада және АҚШ-та жұмыс жасауда екен.  

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

 
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді