Ұмытпаймыз Сізді, аяулы Ұстаз!
Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні біздің ұстазымыз – М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының профессоры Сәтбай Жұмағалиұлы мезгілсіз көз жұмды. Саналы өмірін мағыналы да мазмұнды ұстаздық қызметке арнаған жанның енді қайтып аудиторияда қоңыр үнін естімейтінімізге, біздің әрбір сәтті қадамымызға балаша қуанатын бейнесін көрмейтінімізге көңіл сенер емес ...
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Қабақбаев Сәтбай Жұмағалиұлы 1954 жылдың 5 мамыр күні Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Шалқар қаласындағы №2 орта мектепті «Алтын медальмен» бітіріп, Қазақ ұлттық университетінің «Механика-математика» факультетіне түскен ауыл баласының қаншалықты білімді де зерек болғанын сезінуге болады. 1978 жылы «Математик, математика пәнінің мұғалімі» біліктілігін бойынша диплом алғаннан кейінгі өмір жолы білім мен ғылым саласымен тығыз байланысты.
1978 – 1986 жылдары жаңадан құрылған Алматы теміржол инженерлер институтының (АлТЖИИ) Ақтөбе бөлімшесінде кафедра әдіскері, зертханашы қызметтерінде болып, ұстаздық еңбек жолын бастаған Сәтбай Жұмағалиұлы – 1986-1992 жылдары Мәскеу теміржол инженерлер институтында тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, сол жоғарғы оқу орнының аспирантурасында оқып білімін жетілдірген.
1992 жылы Мәскеу қаласында кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алса, 2000 жылы осы салада көлемді еңбек жазып, физика-математика ғылымдарының докторы атағына ие болды. Мәскеуден елге оралған соң 1992-1998 жылдары АлТЖИИ Ақтөбе бөлімшесінде кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарды.
1995 жылы Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты қызметіне сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласса, 1998 – 2003 жылдары ұстаздық қызметіне қайта оралып, АлТЖИИ Ақтөбе бөлімшесінің директоры, Орталық Азия Университеті батыс аймағының ректоры, 2003-2007 жылдары М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтөбе бөлімшесінде «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде әртүрлі қызметтер атқарып, 2008-2012 жылдары ҚР БжҒМ ҰБТ бойынша аймақтарда жұмыс жасап, министрлік тарапынан түрлі марапаттарған ие болды. Ұлағатты ұстаз «Математика 1», «Математика 2», «Математикалық статистика», т.б. пәндерін өте жоғары әдістемелік деңгейде жүргізіп, студенттердің арасында беделі жоғары және сыйлы болды.
Өз өмірінде елуден астам ғылыми-әдістемелік оқулықтар жазып, жүздеген шәкірттерін ЖОО арасындағы республикалық пәндік олимпиадаға дайындаған, өз пәніне қатысты оқулықтарды шет тілдерінен аударып, студенттердің сапалы білім алуына барын салатын ұлағатты ұстаздың кереметтей еңбекқорлығы мен адалдығы баршаға үлгі еді.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап соңғы демі үзілгенше «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» акционерлік қоғамы «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі болған, жалпы 43 жылдық жұмыс өтілінің 38 жылын ұстаздыққа арнап, мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, маман даярлаған ұлағатты ұстаз Сәтбай Жұмағалиұлының шәкірттері бүгінде жүздеп емес, мыңдап саналады. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған», деген тәмсіл сөздің құдіреті осы. Біз Сізді мәңгі ұмытпаймыз, мың алғыс сізге аяулы ұстаз...
Шәкірттері атынан
ҚазККА Тәрбие жұмысы
және қоғаммен байланыс бөлімінің
жетекші маманы Ақылбек Сарсенбаев
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті