Ауыр «салмақтылардың» өнімділігі артты
Жаңалықтар
09.02.2018, 11:29
Семей ЖТ бөлімшесі жүк тасымалы қызметінде жаңа кәсіби деңгейге көтерілді. Өткен жылдың сараптамалық көрсеткіші мен ағымдағы жылға белгіленген межелі міндеттер осыны айғақтап отыр.
Бөлімше бойынша жүк айналымының көрсеткіші алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 79,7 млн.тонна-шқ неттоға өсіп отыр. Яғни, аталмыш бағыт бойынша бүкіл жыл бойына белгіленген жоспарлар 101,2 пайызға орындалып, Шығыстағы теміржолшылар биыл да діттеген межеден табылды.
Жүк тасымалында бірінші кезекте Дегелең станциясына назар аударылған-ды. Бұл тарапта ұзындығы 100 вагоннан тұратын, салмағы 9000 тоннадан артық 29 ауырсалмақты поездардың жөнелтілуі ұйымдастырылды. Дәл осы шараның есебінен көмір тиеу өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион тоннадан астам көрсеткішке жетіп, рекорд жаңартылды. Дегенмен, Семей-Дегелең телімінде 6300 тонналық ауырсалмақты поездарды құрастырудың оң көрсеткішті еселеудегі үлес салмағы анағұрлым басым болып тұр.
Жүк жөнелтілімінің 71,9 пайызын құрайтын 9345 ауырсалмақты пойыздарды жолға шығару – тиелген жүктің кідіріссіз жеткізілуіне ашылған тағы бір оңтайлы мүмкіндік болып отыр. Сонымен қатар Ресейдің шеткі нүктесі – Локоттан Ақтоғайға дейінгі пойыздар салмағын 4500 тоннаға дейін өсіру де тиімділікті еселей түскен. Өткен жылдың көлемінде Локоть станциясынан Орта Азияға дәл осындай салмақтағы 63 пойыз құрастырылып, жөнелтіліпті. Бұл шаралар өз кезегінде пойыздарды өңдеу уақытын қысқартып, транзиттік вагондардың айналымын да тездетуге қолайлы жағдай туғызған.
Тағы бір жайт, осыған дейін ұлттық компания бойынша тыңнан қолға алынған эксклюзивті жоба – шаттл пойызын құрастыру өткен жылы да өнімді нәтиже берген. Бұл ретте, Жаңа-Семей станциясы бойынша ұйымдастырылған шаттл пойызымен 785 вагон тасымалдан екен. Барлығы – 39 жөнелтілім орын алған. Басты жүк жіберуші – тұрақты клиент «Алмикс» ЖШС-нің құрылыс материалдарын жабық вагондармен тасымалдау және «Семей цемент зауыты» ЖШС өнімін хоппер-вагондар арқылы жеткізуді биыл да жалғастыру көзделуде. Сонымен қатар, бұл бағыт бойынша орын алар бір жаңашылдық – жүк жіберу, түсіру бағыттарын кеңейту де межеленген.
Айта кетерлігі, осынау аралықта тасымалдау процесіне қатысатын жұмысшылардың еңбек өнімділігі жылдық жоспарға қарағанда 100,3 пайызға орындалыпты. Оның бір себебі – контингент 134 бірлікке азайған. Осының нәтижесінде аталмыш көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жұмыс өнімділігінің 104,3 пайызын құрап, тағы бір тың жаңалық орын алды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты