Жездінің жайы жақсырақ

Жаңалықтар
09.02.2018, 12:11
Бұрын тұйық станция саналып келген Жезқазған  2012 жылдан бастап Елбасының тапсырмасымен Жезқазған-Сексеуіл – Бейнеу теміржолының салынуымен тораптық және транзиттік станцияға айналды. Бүгінде шығыс пен батысты жалғап жатқан ұлы жолдың бойындағы станцияда жүк ағыны жылдан жылға арта түсуде. Станция бастығы қызметіне жақында ғана келгенмен, оның тыныс-тіршілігімен бұрыннан таныс, 20 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы Ислам Айқынбековтің айтуынша, бүгінде станциядан айына 13000-нан астам жүк вагоны қатынап тұр. –Біздің станция арқылы еліміздің шығысынан батысына қарай, одан әрі Иран, Парсы шығанағына, керісінше, сол жақтан шығысқа, Достық станциясы арқылы Қытайға бағыт алатын жүктер саны бұрынғыдан екі есеге артты. Тәулігіне 8 пойыз, яғни 400-500 вагон жүк өтеді. Жолаушылар тасымалы бойынша биыл жыл басынан бері Қарағанды – Жезқазған пойызы жүріп тұр. Тұрғындардың сұранысына қарай ұлттық компания ұйымдастырған пойыз 8 вагоннан тұрады, күнара жүреді. Жүк жөнелтушілерге қызмет көрсетуде сапалы әрі жылдам жүк жеткізуді қамтамасыз ету үшін Жезқазған – Теректі станциялары аралығындағы 78 км жер биыл толығымен жаңартылып, күрделі жөндеу жүргізілмек, жол жаңарған соң осы аралықтағы жылдамдық сағатына 50 км-ден 90 км-ге дейін көтерілмек, – дейді станция бастығы. Жезқазған – Бейнеу теміржолының салынуы батыс пен шығыс арасындағы ұзақ жолды едәуір қысқартты. Соған байланысты транзиттік контейнерлік жүк пойыздарының жартысы Жезқазған станциясы орналасқан жолмен қатынап жүр. Ислам Айқынбековтің айтуынша, Жездінің жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Теміржолдың құрылымдық бөлімшелері өз алдына бөлек ашылып, ғимараттары көбеюде. Бұрын Жаңарқадағы дистанцияға қарайтын жолшылардың Жезқазғанда өз алдына бөлек дистанциясы ашылып, ғимараты биыл бой көтермек. Сол сияқты біртіндеп, ШЧ, ТЧ мекемелері де ашылады деп күтілуде. 90 адам қызмет ететін Жезқазған станциясында ұжым осындай түрлі шаруашылықтардың басын қауіпсіздік, сапалы қызмет барысында бір адамдай жұмылдырып отыр.

Ұлан ОРАЗ

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты