Сапалы қызмет сыры
Жаңалықтар
09.02.2018, 12:23
Теміржолдағы ауыр жұмыстың дені магистральдық желі бөлімшесіне тиесілі. Атырау магистральдық желі бөлімшесі өткен жылды табысты аяқтап, жылдың он екі айында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген.
Айталық, магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол жағдайының орташа баллдық көрсеткіші 85 балл болса, орындалуы 64 балл немесе 133 пайызды құрады. Ал белгі беру және байланыс саласы бойынша техникалық құралдар бағасы «өте жақсы» деп бағаланып 0,76 баллды құраған. Сондай-ақ, өткен жылы дизельді отынды пайдалануда 1,4 тоннаға үнемдеуге мүмкіндік болған.
Өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесі жол шаруашылығы бойынша күрделі жөндеуді сапалы атқарып шықты. Мақат – Атырау аралығында жоспар бойынша жасалуы тиіс 7,812 км күрделі жөндеу толық атқарылды. Орташа жол жөндеу жоспары бойынша 10 км жол жөндеуден өтті. Ал ескі жарамды рельсті ауыстыру: жоспар бойынша 3,607 км болып бекітілсе, іс жүзінде 3,907 км болып артығымен орындалды. Ескі жарамды бағыттама бұрмаларды ауыстыру жоспарда болмаса да, өткен жылы 5 данасы ауыстырылған. Темірдей тәртіп болса да, жұмыста қателесу теміржолда да орын алып отыратыны сөзсіз. 2016 жылы өндірістік жарақат алудың бір оқиғасы тіркелсе, өткен жылы Атырау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек қорғау жағдайы бойынша өндірістік жарақат алу болған жоқ.
Бөлімшеде еңбек қорғау бойынша кешенді жоспар іс-шаралардың орындалуы 13586,1 мың теңгені қамтыды. Жол жұмысшылары арнайы жұмыс киімімен, жеке қорғаныс құралдарымен, тұрмыстық және техникалық көмірмен толық қамтамасыз етілді. Жолдың үстіңгі қабаты құрылымын күрделі жөндеу жоспар бойынша 15,239 км құраса, оған бөлінген 48 508 мың теңге қаражат игерілді. Нақтыласақ, бұл жұмыс Құлсары жол дистанциясы бойынша атқарылды. Бұдан басқа №1066 АС-1А автоматрисаның қызмет мерзімін ұзартумен күрделі жөндеуге 17 550 мың теңге қаражат жұмсалған. Ал шағын механизациялау құралдарын сатып алуға жоспар бойынша 80 477 мың теңге қаражат қарастырылып, Атырау мен Құлсары дистанциялары 206 дана құрылғы сатып алынды. Сонымен қатар, бөлімше бойынша өткен жылы шығын жоспарының орындалуы негізгі әрекеттер бойынша 98,1 пайызды құрады. Жалпы, магистральдық желі бөлімшесінің сапалы қызметінің сыры – қажетті техника мен құрылғыларды дер кезінде жаңартып, заманауи түрлерімен алмастыру деп айтуға болады. Айталық, Мақат станциясы бойынша сыртқы электрмен жабдықтау қосалқы станциясының берілуіне байланысты электр желілерін салу бойынша жобалау жұмыстарына жоспар бойынша 1 661 мың теңге қаражат бөлініп, жұмысы атқарылды.
Ал бақылау пункттері мен қоршаулар құрылысы бар станциялар үшін инспекциялық жабдықты сатып алу және орнату бөлімшенің СОБ жоспары бойынша 1198 635 мың теңгеге орындалған. Сондай-ақ, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рельс дәнекерлеу жұмыстарын ПРСМ машинасымен жүргізу жұмысы екі есе артық орындалып, көлік құралдарының қарқынды қозғалысы бар өткелдерде 16 дана жарықдиодты шамдар мен қосымша күшті дыбыстық дабыл орнатылған.
Екі өткелде Атырау облыстық ІІД орталығына көрсетіліп тұратын бейнебақылау камералары орнатылды. Заманауи құрылғылар мамандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсету арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде де тындырымды жұмыстар атқарылып, қаражаттар қарастырылған.
Сайып келгенде осындай жұмыстардың нәтижесінде аймақтағы теміржолшылардың жұмыс өнімділігі артып, табысы еселене түскеніне өткен жылдың қорытындысы айғақ.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты