Сапалы байланысқа сын жоқ

Жаңалықтар
13.02.2018, 11:43
Сыр өңірінде Жаңақорған мен Сексеуіл станциялары арасындағы теміржол нысандары мен бекеттердегі жергілікті тұрғындарды телефон байланысының сан түрімен қамтамасыз етуші оператор – «Қызылорда –Транстелеком» мекемесі. Компания теміржолды бойлай орналасқан тармақталған телефон байланысы желісімен өз тұтынушыларын 2011 жылдан бастап аймақ коммуникация жүйесіне ТОБЖ (талшықты оптикалық байланыс жүйесін) енгізіп, сала бойынша жаңаша қызмет түрлерін ұсынумен ерекшеленуде. ТОБЖ базасында магистральды сандық арналарды жалдау, деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті, интернет желісіне қатынау, жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қызметі, бейнеконференция мен телеграф байланыстары секілді телефон байланысы сервисінің түрлі мүмкіндіктерімен тұтынушыларға қызмет көрсететін телебайланысшылар ағымдағы жылды табысты бастады.   Аймақ теміржолы бойынша байланыс саласында ІТ, ТОБЖ жүйелерін алғаш енгізіп, инновациялық технологиялардың заманауи түрлерімен жұмыс жасайтын «Қызылорда-Транстелеком» мекемесі өткен жылы қаржылық қоржынын байланыс қызметінде бірнеше мемлекеттік сатып алу жұмыстары есебінен толықтырып, тапсырыстарды дер уақытында атқара білген. Мәселен, филиал ұжымы бір жыл көлемінде 47 келісімшарт жасасып, ондағы міндеттемелердің бәрін талап шеңберінде атқарған екен. Кәсіпорынның бұл жетістігі, біріншіден компанияның заманауи технологиялармен жабдықталуынан  және ұжымның  тез де сапалы қызмет көрсете білуінде деп бағалануда.   Өткен жылы Конту, Абай, Шөміш, Үкілісай, Ақбай, Байқожа, Қызылтам, Кейден, Аққұм және Сапақ станцияларында жергілікті тұрғындарға байланыс қызметін орнатқан мекеме өз қолданушыларына ADSL-порттары мен ОТА құрылғыларын құру жұмысын қарқынды жүргізуді бастап жыл соңына дейін филиал бойынша 741 дана ADSL-портын және 580 дана ОТА құрылғыларын орналастырған екен. –Біздің мекеме жыл басынан бергі жоспарды өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде орындап, жыл соңына дейін қаржы көлемін 853 793 мың теңгеге жеткізе білді, яғни өткен жылмен салыстырғанда кіріс 35 986 мың теңге немесе 104,4 пайызға өсті. Жұмыс ауқымын кеңейту мақсатында салалық жұмыспен қоса облыс тұрғындарына қызмет көрсету масштабын арттырып отырмыз. Мәселен биыл Қызылорда қаласының үш-төрт мөлтек ауданында байланыс желісін пайдалануға беріп, қызмет көрсету ауқымын кеңейту жоспарда бар, – дейді «Қызылорда-Транстелеком» филиалының басқарушы директоры Нұрлла Текебаев. Нұрлла Жанділдаұлының айтуынша, былтырғы жылы филиал бойынша екі көлемді бизнес жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде Қызылорда қаласының «КБИ», «Арай-3» және «Мұнайшы» микроаудандарында қомақты жұмыстар жүргізілген екен. –Аталған микроаудандарда жоба жұмысы жалғасын тауып, 500 негізгі телефон желісімен 1000 GPON абоненті іске қосылуда. Сонымен қатар Ерімбетжаға ауылдық әкімдігінен округ тұрғындарын телефон байланысы түрлерімен қамтамасыз етуге ұсыныс түсіп, бизнес жоспар бойынша тиімділігіне орай 100 ОТА мен 100 интернет абонентін орналастыру жұмыстары жасалуда. Және де Төретам кенті мен Ақай ауылында ТОБЖ байланысының GPON жүйесі арқылы интернет қызметін беру, телефон мен теледидар қызметін көрсету қолға алынуда, – дейді ол. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында да филиалдың қомақты жұмыстары жоспарланыпты, мәселен ағымдағы жылы ресейлік байланыс желісін қолданып келген байқоңырлықтардың бес шақырымдық жердегі іргелес төретамдық көршілерімен  телефон байланысында («СТОП» Орынбор қаласы арқылы қойылғандықтан Байқоңыр қаласы мен Төретам станциясы тұрғындарына) сөйлесу құны халықаралық тарифпен алынатындықтан, осы қиындықты жеңілдету үшін 1500-2000 абонентті ОТА қызметі мен интернет жүйесіне қосу жұмыстары жоспарлануда екен.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл