Бейнеттің зейнетін көргісі келеді...
Жаңалықтар
13.02.2018, 11:57
Темір табанды жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жыл он екі ай жол бойында жүретін жаны сірі жолшылар еңбегін қалай дәріптесек те артық емес. Әрине, бүгінде жол жөндейтін ауыр техникалардың көмегі аз емес, дегенмен басқа басқа, жол шаруашылығында адамның күші қашан да қажет. Жолшылардың жұмысын техника толық алмастыра алмайды.
Қара жұмыс өз алдына, жыл он екі ай ашық аспан астында еңбек ететін жолшылардың көбі ерте қартайып, тынымсыз тірліктің нәтижесі денсаулықтан айрылатыны да жасырын емес. Көбі бейнеттің зейнетін көрмей, қарттықтың қызығын тамашалай алмай өмірден ертерек өтіп кететінін де көріп жүрміз. Сондықтан, жолшылардың да 57 жастан кейін салалық зейнет жасына шықсақ деген тілегі бар. Мұны біз жолшылармен әңгімелескенде жиі естиміз.
Шымкент жол дистанциясында үшінші айналымның жол шебері Мұхит Омаров бастаған жігіттер Шымкент – Қызылсай теліміне қарасты жол бойының қауіпсіздігіне жауап береді. Олар қаңтардан бері әр жолшыға берілген бес шпалды екі жолшы бірлесіп көтеріп, күн сайын Шымкент – Қызылсай телімінде оншақты шпалды жаңартуда. Үшінші айналым жолында Ералы Сейдазовтың осы мамандықтың ыстық-суығына төзіп жүргеніне ширек ғасырға жуықтаған. Тәуірбек Ертаев жиырма бір жылдан бері өз кәсібінің шебері атанған. Мұхит Омаровтың жолшының ауыр жұмысын иығына ілгелі 15 жыл толыпты. Бекмұрат Төлбаев 12, Шәймерден Дүйсенбаев 10 жылдан бері жол жамап, қауіпсіздікке бір кісідей үлес қосуда. Жол шаруашылығының ыстығына күйіп, суығына тоңған бұл кәнігі мамандар кейінгі келген жастарға кәсіптің қыр-сырын үйретіп, жолшылардың жаңа буынын тәрибелеуде.
-Күннің суығында рельстер тартылып, арасы саңылауланады. Сондықтан, қыста негізінен арасы ашылған рельстерді ауыстырып, қайта бекітеміз. Бұдан бөлек ағымдық жұмыстар бар. Біздің жігіттер Шымкент станциясындағы 23 жолдың 1-12 жолына жауапты. Қалған 13-20 жолға төртінші айналым жолының мамандары қарайды,– дейді Мұхит Омаров.
Өткен жылдың соңында, желтоқсан айында Түлкібас – Шымкент – Арыс – Түркістан – Сарыағаш телімдері бойындағы 43 км ағаш шпалдар тегіс темірбетонға алмастырылды. Осы науқанда үшінші айналым жолшылары демалыс тіпті мереке күндері үй бетін көрмей еңбек етті. Жұрт тынығып жатқан Тәуелсіздік күні де төрт күн қатарынан шпал ауыстырып, астындағы қиыршық тастарды жаңалады. Қыстың ауасында бел шешпей еңбек етіп, тапсырманы уақытылы орындағаны үшін Шымкент магистральді желі бөлімшесінің бастығы Марат Оңалов жігіттерге ризалығын білдірген.
Желтоқсанда жаңаланған жолдар бүгінде өз жемісін беруде. Телімде пойыздар жылдамдығы артып, жол қауіпсіздігі анағұрлым артқан.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл