Түбек таза су тұтынып отыр  

Жаңалықтар
13.02.2018, 12:01
Өткен жылды артық шығынсыз, төтенше жағдайларсыз ойдағыдай қорытындылаған «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС тәуір жетістікке қол жеткізді.  Мекеменің жылдық табысы – 781034,00 мың теңгеге жетіп, алдыңғы   жылмен салыстырғанда – 138879,00 мыңға өсті. Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 3162,08 мың теңгені құраған. Бұл салыстырмалы кезеңдегіден 147,00 мыңға артық. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 3921,00 теңгеге өссе, олардың жалпы саны 34-ке көбейіп, барлығы 282 адамға жеткен. Мекеме былтыр темір жол мекемелерін, өндірістік, бюджеттік, шеткі мекемелерді және тұрғындарды 416,64 мың текше метр сапалы ауыз сумен қамтамасыз еткен. Өз тұтынушыларына 5020,04  Гкал жылу жеткізіп, 226,64 мың м3 кәріз суын қабылдаған. Оның ішінде тек теміржол нысандарына – 192,96 мың м3 ауыз су,  4813,63Гкал жылу берілген.  Олардан шыққан 35,25мың м3 кәріз суын тазартқан. Сондай-ақ, серіктестік өткен жылы ауыз сумен, жылумен жабдықтау және кәріз су жүйелерін жаңарту, қайта құрастыру және нысандардың санитарлық талаптарын жақсартуға негізделген күрделі жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 59020,00 мың теңгені игеріп,  қызмет сапасын арттыру мақсатында біраз құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізген. Олар – Опорный бекетіндегі 250м3 екі дана су сақтау қоймаларының, Шетпе бекетіндегі 0,7км кәріз құбырының, Бейнеу бекетіндегі 0,7км ауыз су құбырының, Каркол бекетіндегі 0,5км ауыз су құбырының, Бейнеу бекетіндегі 0,982 км жылу құбырының күрделі жөндеуден өтуі. Сондай-ақ, Бейнеу және Маңғыстау жылу қазандықтары ғимараттарына бейнебақылау құрылғысы орнатылып, 9 өндірістік су сорабы,  8 компьютерлік құрылғы сатып алынған. Бұл жерде бір айта кетерлігі, аталған күрделі жөндеу жұмыстарын қолдағы бар еңбек күшімен тиімді үйлестірудің үдесінен шыққан кәсіпорын  5997,00 мың теңгені үнемдеген. Сол қаражатты тағы бір кәдеге жаратып, Шетпе бекетіндегі 0,6 км кәріз құбырын жөндеуге жұмсаған. Сондай жұмыстардың арқасында серіктестік «Теміржолсу» АҚ бойынша қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Еске сала кетсек, мекеменің бұл бірінші рет үздіктер қатарынан көрінуі емес. –Алдағы уақытта да осы қарқынмен жұмыстанып, 2018 жылы қосалқы табыс табуды 65,00 миллион, күрделі жөндеу жұмыстарын 134,3 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, биыл Үстірт бекетіндегі 250 м3 – 2 су сақтау қоймаларының және су мұнарасы ғимаратына, Бейнеу бекетіндегі 0,8 км жылу құбырына, жылу ғимаратына, Маңғыстау бекетіндегі 0,925 км кәріз су құбырына күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар. Бір УАЗ23632-252 Пикап маркалы және  екі УАЗ-390945-460 фермер маркалы, бір ГАЗ А21R35 маркалы автокөліктер сатып алмақпыз. Жалпы «Теміржолсу-Маңғыстау ЖШС 2004 жылы 1 наурызда «Теміржолсу» АҚ-ның №3 бұйрығы негізінде құрылды. Содан бері мекемеде қажеттіліктер басшылықтың  уақытылы назар бөліп отыруының арқасында  бірте-бірте өтеліп келеді. Нәтижесінде атам заманнан ауыз су мәселесі проблема болып келген түбек толық дерлік таза суға қол жеткізіп отыр,– дейді серіктестік директоры Орын Оразғалиев. Қазір мекемедегі  су құбыры жүйелерінің ұзындығы 42,25 км, кәріз жүйелерінің ұзындығы – 27,12 км, қызмет көрсетілетін учаскенің жалпы ұзындығы 1079 км құрайды. «Теміржолсу-Маңғыстау» мекемесі Маңғыстау магистральдық желі бөліміне қарасты 41 шағын бекетке тасымалдау арқылы таза ауыз су жеткізеді. Өткен жылдарда серіктестік теміржол торабындағы нысандарды  ауыз сумен жабдықтау және кәріз суларды қабылдау жүйелерін жаңарту, қайта құрастыру және нысандарының санитарлық талаптарын жақсартуға негізделген «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында  344 788,78 мың теңгенің жұмысын жүргізген. Нақты айтсақ,  14,72 км – ауыз су, 6,3 км – кәріз су құбырлары жаңа талапқа сай полиэтилендік құбырларға ауыстырылған. 4 су мұнарасы, 5 кәріз су айдау нысаны, 1 су шығару ұңғымасы, 2 кәріз су тазарту қондырғысы, 2  өндірістік және әкімшілік ғимараттар толық күрделі жөндеуден өткен. Опорный, Бейнеу, Сайөтес, Шетпе станцияларына ауыз суды бактериядан тазартатын залалсыздандырғыш, ал Каркол, Үстірт станцияларында ауыз суды кешендік тазарту қондырғылары орнатылған.  Сонымен қатар он шақты   шағын бекеттердегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында жаңадан су құю құдықтары салынып, пайдалануға берілген.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл