Тарихтың көзі тірі куәгері   

Жаңалықтар
16.02.2018, 18:31
Оқуға 2 мин
Жамбылдық қарт теміржолшы, ҰОС ардагері Михаил Гладченко 95 жасқа толып отыр.  Көзі тірі санаулы соғыс ардагерінің бірі Михаил Петровичті туған күнімен құттықтап барған  ЖТ-Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова қарияға ақ тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды. Михаил Гладченко 1923 жылы Луговой станциясында өмірге келген. Соғысқа дейін «Восток» колхозында механизатор болып еңбек еткен ол 1942 жылдың басында майданға  аттанады. Үш айлық оқу-жаттығу шараларынан соң 7-ші танкіге қарсы атқыштар бригадасы құрамында 32-ші атқыштар полкінде ұрысқа кіреді. 1942 жылдың қазан айында сарбаз Михаил Гладченко майдандастарымен жау қоршауында қалады. Үш жақтан қысқан жаудың күші тым қуатты болады. Осы кескілескен ұрыста жауынгер Михаил жарақат алады. Алайда, адам санының азайып бара жатқанын байқаған сарбаз жарақатын таңдырып алып, қайта ұрысқа кіріседі. Кескілескен ұрыста кеңес әскері ақыры жаудың қоршауын бұзып шығады. Михаил басынан алған жарақатына орай госпитальда ем алады. Ұрыс даласындағы көрсеткен ерлігі үшін сарбаз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.  Госпитальден шыққан соң 10-атқыштар полкінің 267-ротасында соғысады. 1943 жылдың қазан айында Днепр өзені үшін болған кескілескен ұрысқа қатысады.   –  Осы Днепр өзені үшін болған ұрыста мен өзенді тоғыз рет ары-бері кешіп өттім. Өлім мен өмір арпалысқан соғыста бұл үлкен қатер болатын. Өйткені, кез келген уақытта қаңғыған оққа ұшуың мүмкін. Соңғы тоғызыншы рет өзеннен өтіп бара жатқанымызда біз мінген қайықтың жанынан жау снаряды жарылды. Есімді тек осы ұрыстан жүз күн өткенде ғана жидым. Осыдан соң мені арнайы комиссия қарап, елге қайтарды, - дейді ардагер. Михаил Гладченко елге келген соң өзі туған Луговой станциясында әскериленген темір жол күзетінде еңбек етеді. Одан бергі жылдары біраз жыл теміржолды сумен қамту дистанциясында еңбек етіп, 1983 жылы зейнетке шығады. Бүгінде ұл-қызынан екі немере сүйіп отырған қарт майдангер өзін туған күнімен құттықтай келген теміржолшыларға алғысын жеткізді. Өз кезегінде  қонақтар тарихтың көзі тірі куәгерінің әңгімесін тыңдап, бір жасап қалғандарын жасырмады.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды