Ауған батырларын еске алды 

Жаңалықтар
16.02.2018, 18:37
Биыл 15 ақпанда  кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толады.  Осыған орай Семей қаласында Ауған даласында қаза болған интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш басында митинг болып өтті. Қала бойынша өткен шарадан теміржолшылар да тыс қалмады. «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов бастаған ауған соғысының ардагерлері – теміржолшылар қатысты. Шаһардағы барлық мекемелер мен ұйымдар өкілдері жиналған ауқымды шарада теміржолшылар қауымы ескерткіш-монументке алғашқы болып гүл шоқтарын қойды. Оның себебі де бар. Жат жерде жауынгерлік борышын өтеп, елге аман оралып, салалық қызметте елеулі еңбек сіңіріп жүрген бүгінгі ауған соғысы ардагерлерінің басым көпшілігі теміржолдың түрлі саласында тер төгіп жүрген теміржолшылар екен. Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Асхат Жармұхамбетов айтып өткендей, оларға қазіргі күні ұжымдық шарт аясында нақты көмек көрсетіліп, тиісті қамқорлық жасалып отыр. Ал бүгінгі  ұйымдастырылған шараға оннан аса байырғы интернационалист-жауынгерлер – бүгінгі теміржолшылар келіп, ұрыс даласында мерт болған қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қуан Ертіс, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл