Тараздық түлектерге сұраныс жоғары
Жаңалықтар
20.02.2018, 12:27
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еңбек нарығы талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Ал Елбасы саясатын жүзеге асыруда 85 жылдық тарихы бар, талай теміржол тарландарын ұшырған облыс орталығындағы №13 Тараз теміржол колледжінде жұмыс жүйелі жүруде. Өткен аптада колледж директоры Нұржан Нұралиев өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. 2014-2015 оқу жылында оқу корпустары күрделі жөндеуден өткен колледжде 2015 жылы 100 студентке арналған жатақханада бой көтерген. Ал 2017-2018 оқу жылында колледжде 671 студент білім алып жатыр. Білім ордасында: «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу,техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша – «Электровоз машинисінің көмекшісі», «Вагон қараушы» мамандықтары, «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» біліктілігі бойынша – «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электромонтері» мамандықтары, «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» біліктілігі бойынша – «Теміржол стансасының кезекшісі» мамандары даярланады.
– ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдағы бағдарламасы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» біліктілігі бойынша – «Аспаз» мамандығына 25, «Токарлық іс және металл өңдеу» біліктілігі бойынша «Токарь» мамандығына 25 студент қабылданды. Ал 11-сынып негізінде «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу,техникалық қызмет көрсету» біліктілігі бойынша «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығына 25 студент қабылданды. Колледж 31 әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс атқарады. Олардың ішіндегі ірі мекемелер – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі, Тараз локомотив жөндеу депосы, Жамбыл локомотив пайдалану депосы, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы, Жамбыл жол дистанциясы сынды темір жол мекемелері. 2017 жылы «Белгі беру, орталықтандыру, блоктау электромонтері» мамандығын дуальды оқыту жүйесін енгізу мақсатында Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясымен меморандум жасалынды. Оның қатарында арнайы пән оқытушысы Ж.М.Тайбеков «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша «Жылжымалы құрам құрылымы» – «Структура подвижного состава» оқу әдебиеттерін сынақтан өткізуші сертификатымен марапатталғанын мақтаныш етеміз. Өткен жылы колледж аумағынан Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Түлектер аллеясын» аштық. Оны еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген түлектеріміз өздерінің бас қосатын орнына айналдыруды ниет етті. Бұл кешегі мен бүгінгінің байланысы, ұрпақтар сабақтастығы деп ойлаймын, - деген колледж директоры Нұржан Тоқбергенұлы тараздық оқу орны түлектеріне сұраныс жоғары екенін мақтанышпен жеткізді.
Арсен Байзақ, Тараз
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл