Жүк тиеу: меже – 10,0 млн тонна

Жаңалықтар
23.02.2018, 11:36
Оқуға 3 мин
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тиеу жұмыстарына қай кезде болмасын бірінші кезекте басымдық беріледі. Ел шығысындағы ең ірі өндірістік ошақтар мен кәсіпорындар өнімдерін, кен орындары шикізаттарын тиеу мен тасымалдау – семейлік теміржолшылар үшін негізгі міндет. Міне, осы орайда, жүк айналымы саласындағы өндіріске тиімді тәсілдер қолдану нәтижесінде әр жыл сайын тың нәтижелерге қол жеткізілуде. Бір ғана жүк тиеу бойынша өткен жылдың көрсеткіші 1226,3 мың тоннаға жетіп, 114,4 %-ға өсіп отыр. Оның ішінде Дегелең станциясы бойынша көмір тиеу 1 233,3 мың тоннаға артып, бұрын-соңды болмаған межеге қол жеткізілді. Жалпы, республика жұртшылығын, жақын шет елдерді қатты отынмен қамтуда кідіріссіз жұмыс жүргізу басты меже саналған-ды. Сол себепті, Семей-Дегелең телімі бойында технологиялық толаскездер басталмай тұрып жүк тиеу жоспары бүкіл жыл бойына біркелкі бөлінген-ді. Соның нәтижесінде орта және күрделі жөндеулерге арқау болған толаскездер басталған кезде көмір тиеу жоспары өткен жылмен салыстырғанда 150% орындалып, кедергі туындаған жоқ. Ал, жалпы, құрылыс жүктері 165,0 мың тоннаға, тиелінген түсті металл рудалары 123,0 мың тоннаға жетті. Оған бөлімшедегі Жаңғызтөбе станциясы бойынша жүк тиеудің 133,8 мың тоннаға өсуі мүмкіндік берді. Сондай-ақ,   Дегелең станциясы бойынша тиелген көмірдің, Жаңғызтөбе санциясы бойынша тиелінген металл көлемі өткен жылы айтарлықтай артыпты. Міне, осы өсімнің есебінен бөлімше бойынша жүк тиеу  9 743,1 мың тоннаға немесе жоспарға қарағанда 102,4% артық орындалған. Бұл орайда, аталмыш факторға әсер еткен екі жағдайды баса атап өту ләзім. Яғни, бір тиеу операция астында бос тұрып қалу уақыты 0,32 сағатқа жоғарылатылған жайттар да тіркелді. Себебі, Жаңғызтөбе станциясында жүк тиеу алаңы бос емес болғандықтан, сонымен қатар меншікті вагондар руда тиеу үшін жаппай келе бастағандықтан, бір мезгілде 11 вагон ғана жүк тиеп үлгеру мүмкін болған. Одан басқа, Дегелең станциясы бойынша «Қаражыра» АҚ кірме жолында көмір тиеу айналымы норма бойынша осыған дейін 15,63 сағат болса, өткен жылдың кейбір мезгілдерінде 26,7 сағатқа дейін өскен. Оған себеп, меншікті вагондардың толассыз әрі екі есе көп келуі болыпты. Демек, «бұл екі фактор әсер етпегенде көрсеткіш көлемі қазіргіден де жоғары болар еді» дейді мамандар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, бөлімше бойынша жүк айналымы 79,7 млн тонна-км неттоға өсіп, жоспар бойынша 101,2 % орындалды. Оған қосымша бір себеп бар. Атап айтсақ, жүк тиеуде тауардың жаңа көлемдері де пайда болуда. Яғни, жүк тиеу мен тасымалдауды автомобиль көлігінен темір жол көлігіне тарту мәселесі жоғары деңгейде орындалып, аталмыш тараптағы қосымша жүк көлемі 41,30 мың тоннаға жетіпті.   Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, бір ғана жүк тиеу ісі бойынша ағымдағы жылға да бірқатар жоспарлы шаралар белгіленіп отыр екен. Атап айтсақ, «Қаражыра» АҚ және «Восток Уголь Пром» ЖШС есебінен Дегелең станциясы бойынша көмір тиеуді арттырып, жүктердің жалпы тиелімін 10,0 млн тоннаға дейін өсіру көзделуде дейді. Сондай-ақ, үшінші класты Жаңғызтөбе станциясы бойынша «Артель Старателей Горняк» ЖШС есебінен 500,0 мың тонна асылтасты металл тиеу жоспарланып отырған көрінеді. Ал, бұл өткен жылға қарағанда 365,0 мың тоннаға артық меже. Демек, биылғы жылы да жүк тиеу бойынша қомақты іс күтіп тұр деген сөз.  

Қуаныш Қожаев, Семей

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды