«Қанағаттанарлық» деп бағаланды
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің мәжіліс залында бөлімше кәсіподағы төрағасы аймақ теміржолшыларының алдында бір жыл ішінде атқарған жұмысының есебін беріп, көпшіліктің сын пікірін тыңдады.
Кәсіподақ төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың есебін тыңдауға бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев, Қазкөліккәсіп филиалы төрағасы Өмірбек Жүсіпов, мекемелердің кәсіподақ ұйымы жетекшілері және бөлімшеге қарасты мекеме басшылары мен теміржолшылар қатысты. Кәсіподақ ұйымы төрағасының жұмысына байланысты бөлімше директоры да оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірін білдірді.
– Бөлімшеде, оған қарасты филиалдарда еңбек ететін кез келген теміржолшы, кез келген қызметкер, мейлі ол қандай мамандық иесі болмасын, ешкімді бөліп-жарып қарамаймыз, бәрі де өзіміздің әріптесіміз. Әрбір жан атқарған жұмысына байланысты құрмет көруге, тиісті жеңілдікті пайдалануға құқылы. Сондықтан, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қамқоршы және дәнекер болып жұмыс жасайтын кәсіподақ ұйымы өкілдерінің ролі айрықша болуы керек. Жұмыс болғаннан кейін қиыншылық, түсініспеушілік, шешімі табылуы тиіс сұрақтар болып тұрады, осындай келеңсіздіктердің дер кезінде оңтайлы шешімі табылуы үшін ынтымақ шеңберінде жұмыс жасауға тиіспіз, - деген Аманкелді Арысбаев бөлімше кәсіподағы ұйымы төрағасы Мұхтар Өмірзақұлының атқарған жұмысына қанағаттанрлық баға берді.
Жиын барысында бөлімше теміржолшыларының арасында кәсіби міндетін мінсіз атқарумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ісімен өзгелерге үлгі болып жүрген кәсіподақ ұйымының үздік қызметкері Ербол Сембиев ҚБ атынан жылдың «Жас кәсіподақ қызметкері» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды