Жылу қазандықтары бабында
Жаңалықтар
23.02.2018, 12:43
Қыстың көзі қырауда отырған орныңның құстың ұясындай жып-жылы болғанына не жетсін. Аймақтағы теміржол саласы мекемелері мен нысандарды ауыз сумен және қыста жылумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС меншігіндегі 8 жылу қазандығы бүгінде өз тұтынушыларын үздіксіз жылу энергиясымен қамтамасыз етуде.
Төретам, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Белкөл, Шиелі және Жаңақорған станцияларында орналасқан жылу қазандықтарының жұмысына тұтынушылар тарапынан арыз-шағым болмаған.
– Қаңтар айындағы еліміздің бірқатар облыстарында және біршама уақыт өз облысымызда да сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылу қазандықтарындағы жұмыс тәртібі күшейтілген режимде жұмыс жасап, соған орай кезекшілік пен бақылау күшейтілді. Жылу жүйелері техталапқа лайықты деңгейде қымталып, күтімге алынды. Жылу ошақтары пайдаланылатын негізгі шикізат түрі – қажетті көмірмен жылыту маусымының соңына дейін жететіндей қормен қамтамасыз етілген. Сондықтан жылу мәселесінде алаңдауға еш негіз жоқ, – дейді мекеменің техникалық бөлім инженері Мақсат Мұхтарұлы Байхонов жылу қазандықтарының жұмысы жайлы.
Мекеме тарататын жылуды пайдаланушылар – темір жол кәсіпорындары мен жергілікті тұрғындар. Жалпы жылу жүйесінің ұзындығы 1,35 км шамасында. Қазандықтан сағатына 0,363 Гкал көлемінде шығатын орташа жылу қуаттылығы жылу желілерінің тиісті дәрежеде күтімге алынуына байланысты тұтынушыға жылу қазандығынан шығатын бастапқы мөлшерден ауытқымай жеткізіледі екен. Қысқы маусымға осылай, тиісті дәрежеде қамданыс жасаған жылу беруші серіктестік ұжымы «қыстың бір күні қалса, қорық» деген қағиданы ұстанып сәуірге дейін жылу беруін тоқтатпақ емес.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл