Машинист әйелдеріне құрмет

Жаңалықтар
27.02.2018, 11:28
Өткен жылдың қортындысы бойынша тасымалдау жұмысын 14 млн 509 мың тонна-км бруттоға жеткізіп, бекітілген жоспарды алдыңғы жыл қорытындысымен салыстырғанда 102,4 пайызға артығымен орындаған Қызылорда локомотив пайдалану депосы машинистерінің жұбайларымен ерекше форматта кездесу ұйымдастырылды. Қозғалыс қауіпсіздігіндегі жауапты тұлға машинист пен машинист көмекшілерін сапарға шығарып салып, қарсы алып, отбасы берекесін кіргізіп отырған олардың үйдегі жұбайларымен кездесуде Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшысы Жұлдызбай Мұсаев бүгінгі басқосуда депоның жұмыс көрсеткіштеріндегі жетістіктерімен машинистердің жұбайларын да құлағдар етіп, сол арқылы бұл табысқа олардың да үлесі барын паш етіп,  сол үшін алғыс айтуға ниетті екенін жеткізді.  – Былтырғы жыл қорытындысында локомотивтің жалпы жүрісі 8081 км, орташа тәуліктік өнімділік 2835 км, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі 861 км құрап, бекітілген жоспар артығымен орындалып отыр. Қазіргі таңда ұжымда 319 тепловоз машинисі, 320 тепловоз машинисінің көмекшісі жұмыс жасайды. Депо еңбеккерлеріне сапалы жұмыс жасау үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Кабинеттер заман талабына сай техникалармен жабдықталған, тепловоздар уақытылы жоспарлы жөндеуден өтуде. Мамандардың кәсіби біліктілігін жоғарылатуға үлкен назар аударылуда. 2017 жылы тепловоз машинисіне 10 адам оқыттық. Оның ішінде 8 машинист көмекшісі жедел түрде емтихан тапсырып, локомотивті басқару куәліктеріне ие болды, 3 тепловоз машинисі өздерінің біліктілігін жоғарылатты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың еңбек жалақысы 15 пайызға көтерілді. Ұжымдық шарт бойынша материалдық көмек тұрақты көрсетіліп отыр, – деді өз сөзінде депо басшысы. Өткен жылы Ұжымдық шарт негізінде 221 теміржолшыға 4 млн 494 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліп, емдеу-сауықтыру шипажайларына жолдама алған 42 адамға 6 млн 651 мың теңге төленген. Балалардың жазғы лагеріне барған 63 балаға 4 млн 205 мың теңге жұмсалған. Жұмысшылардың кезекті еңбек демалысындағы біржолғы жүру билеттері де төленуде. Салалық жәрдемақы ұжымда 151 адамға берілген. Осының бәрі – депо теміржолшылары мен олардың отбасы мүшелеріне Ұлттық компания тарапынан қарастырылған жеңілдіктер. Сапарға шығатын машинист пен оның көмекшісінің психологиялық, моральдық тұрғыдан тосын ойдан ада, физикалық жағынан тың халінде жұмысқа аттануына ең әуелі олардың отбасындағы жағдай мен ұжымдағы аура әсер етері сөзсіз. Осындай жұмыс жасауға кері әсерін тигізетін келеңсіздіктердің алдын алу үшін өткізілген жиынға қатысқан 70-ке жуық машинист пен машинист көмекшілерінің әйелдері де өздерін теміржолшыдай сезінетіндерін жеткізді. – Менің ата-енем осы деподан зейнетке шыққан болатын, кезінде олар мені осындай жиналысқа ертіп келетін. Мен де бүгін осында келінімді, машинист көмекшісі Нұрсұлтанның келіншегін, ол да машинистің жұбайы қандай болу керектігін білуі тиіс деп ертіп келдім. Осындай ұжым мүшелерінің жұбайларын жинап жатқан теміржолдан басқа қандай мекемені айта аласыздар, – деді машинист Ергеш Садықовтың әйелі Аманкүл. Рейске шығар алдында отбасы мүшелерінің арасында туындайтын түсініспеушілік мәселелерді болдырмай, машинистке жүктелген жауапкершілікті жұбайларына түсіндіріп, оларға психологиялық көмек және тәжірибелік кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде өте жылы, өзара әңгіме-дүкен ретінде өтті. Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшылығы  атынан 16 әйелге Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тарту етілсе, партияның «Теміржол» филиалы төрағасының атынан 3 әйелге Алғыс хат табысталып,  жиын соңында сыр өнерпаздарының концерті тарту етілді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл