Тиімді ұсыныс – теміржолшылардан
Жаңалықтар
27.02.2018, 11:45
Ақтөбе магистральдық бөлімшесіне қарасты ғылыми-техникалық орталық басшысы Майра Өмірзақова «Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісіне өткен жылы жасалған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндап, теміржолшылар тарапынан осы жылы да тиімді ұсыныстар мол болатынына сенімді екенін білдірді.
Ұлттық компаниядағы рационализаторлық қызмет жұмысшылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыруға бағытталған. Олар белгілі техникалық шешімдерді жетілдіреді, қолданыстағы қондырғыларды модернизациялайды, өндірістің нақты шарттарына бейімдейді.
Майра Өмірзақованың айтуынша, рационализаторлық қызметтің рөлін арттыру – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ғылыми-техникалық дамуының маңызды алғышарттары болып есептеледі. Бүгінде рационализаторлық жобалардың компанияның дамуына септігін тигізіп жатқаны даусыз. Компанияның тұрақты дамуы, табыс мөлшерінің артуы, ұжымда әлеуметтік үйлесім болуы, т.б. осы қызметтің нәтижесі деуге болады.
Орталық басшысынның есебінше, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде жылына жүзден астам рационализаторлық жоба енгізіледі. Олардың барлығы техникалық құралдар мен қондырғылардың қызметін жетілдіріп, сапасын арттыра түсуге бағытталған, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң септігін тигізіп, еңбек шарттарын жақсарта түседі.
– 2017 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық желі бөлімшелерінің филиалдарында техникалық шығармашылыққа 92 рационализатор қатысқан екен. Олар ұсынған 118 рационализаторлық ұсыныстың экономикалық тиімділігі 100 млн теңгеге жуықтайды. Жас рационализаторлардың саны алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 43%-ға артқан. 23 жас теміржолшы ұсыныс жасаған, – дейді Майра Өмірзақова.
Рационализаторлық ұсыныстарды пайдалану арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу тапсырмасын орындағандардың қатарында Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясы, Ақтөбе жолаушылар вагонын пайдалану және жөндеу деполары сынды мекемелер бар.
– Мәселен, Қандыағаш станциясының бас инженері Медет Аяғанов пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, вагондарды орналастыру маневр өндірісін жеңілдету, сұрыптау жолдарынан бірнеше пойыз құрамын шығарғанда СТЦ тіркеп отырушының пунктін жауып, басқа жерге ауыстыру туралы ұсынысы мақұлданды, - дейді орталық басшысы.
Осы ұсыныс қабылданғалы пойыздарды жөнелту жұмыстары әлдеқайда жеңілдетіліп, өндіріс тиімділігі арта түсті. Бір мезетте 9-17 сұрыптау жолдары мен жөнелту паркінің 43-48 жолдарына пойыз құрамдарын алып, 49-50 жолдардан Жем, Шұбарқұдық бағыттарына тақ пойыздарды жөнелтуге мүмкіндік туған. Сонымен бірге, жөнелту паркінің 18-22 сұрыптау жолдарына пойыз құрамдарын шығарған кезде 45-50 жөнелту жолдарынан Жем, Шұбарқұдық бағыттарына пойыздарды шығарып салу мүмкіндіктері пайда болыпты.
Майра Өмірзақованың айтуынша, аталған ұсыныстың нәтижесінде локомотивтерді жөнелту паркінің кіреберісіне еркін қоюға мүмкіндік бар. Сұрыптау паркінен жөнелту паркіне пойыз құрамын бір мезетте шығаруға болады. Бұл жоба 93 млн теңге үнемдеуге жол береді.
– Инновациялық қызмет алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникалық жаңашылдықтарды енгізуді көздейді. Магистральдық бөлімше филиалдары 2017 жылы ақпарат көздерін пайдалана отырып, 46 техникалық жаңашылдық енгізді. Одан экономикалық тиімділік 514 мың теңгеден асып отыр. Оның ішінде 39 техникалық жаңашылдық кеңінен таратылды. Вагон шаруашылығының рационализаторлары «Ресей темір жолдары» ААҚ-на қарасты Забайкалье темір жолдарының үлгілерін пайдаланды. «Техникалық қызмет көрсету жағдайында орталық бақан мен маятникті болттарды ағытпай ауыстыруға арналған көтерме қондырғы» жобасы өндіріске енгізіле бастады. Мұндай қондырғының ерекшелігі – пойыз тоқтап тұрғанда пайдалануға болады, салмағы да ауыр емес. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде жасауға болады. Бұл жобаны енгізу арқылы 509 мың теңге үнемдеуге болады, - дейді орталық басшысы.
Орталық басшысы тиімді ұсыныс теміржолшылардан болып тұрса, озық жаңашыл идеяларды қашан да қос қолдауға дайын екенін жеткізді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді